3 — Тыңдаңдар: бір диқан тұқым себуге шығыпты. 4 Ол сеуіп жүргенде, дәндердің кейбіреулері жол бойына түсіп қалады. Құстар ұшып келіп, шоқып, жеп қояды. 5 Біраз тұқым топырағы аз тастақ жерге түседі. Топырақ жұқа болғандықтан, сол тұқымдар тез көктеп шығады. 6 Алайда тамыр жая алмағандықтан күн шыққанда олар күйіп, қурап қалады. 7 Тағы басқа дәндер тікен арасына түседі. Тікендер қаулап, оларды тұншықтырып, өсірмей тастайды. Сондықтан сол дәндер де жеміс бермейді. 8 Ал өзге тұқымдар құнарлы топыраққа түседі. Бұлар көктеп шығып, қаулап өсіп, кейбіреулері отыз, басқалары алпыс, тіпті жүз еседен өнім береді. — 9 Сонда Иса оларға: — Құлағы барлар жақсылап тыңдап алсын! — деп ескертті.
Publicidade