Pular para o conteúdo
Publicidade

Марқа 5

Мәсіхтің ауруға және өлімге жүргізген үстемдігі

21 Иса қайыққа мініп, көлдің батыс жағына қайта оралды. Содан көлдің жағасында көп халық Оның қасына жиналды. 22 Жайыр есімді бір мәжілісхана жетекшісі де сонда келді. Жайыр Исаны көргенде, Оның аяғына жығылып: 23 «Жас қызым өлім аузында жатыр. Сауығып, тірі қалуы үшін барып, оған қолыңызды тигізе көріңізші!» — деп жалына өтінді. 24 Иса онымен бірге жүрді. Көптеп ілескен халық Оны жан-жақтан қыспақтады.

25 Халықтың арасында он екі жыл бойы қан кетіп ауырып келген бір әйел де бар еді. 26 Сол әйел көп дәрігерлерге емделіп талай азап шегіп, бар мал-мүлкін жұмсаған еді. Алайда одан еш шипа болмай, керісінше, халі бұрынғысынан бетер нашарлай түскен болатын. 27 Иса туралы хабарды естіген әйел халықтың ішінде Исаның арт жағынан жақындап келіп, Оның шапанына қолын тигізді. 28 Себебі ол өзіне-өзі: «Тек Оның шапанына қолымды тигізсем болғаны, сонда сауығып кетер едім», — деген болатын. 29 Сол сәтте-ақ қаны тоқтап, әйел өзін қинап келген дертінен сауыққанын сезінді.

30 Ал Иса дереу Өзінен біраз сауықтыру құдіретінің шыққанын сезіп, жұртқа бұрылып:

— Шапаныма қолын тигізген кім? — деп сұрады. 31 Шәкірттері Оған:

— Соншама халықтың Өзіңізді қаумалап, қыспақтап тұрғанын көре тұра, «Маған қолын тигізген кім» деп қалай сұрайсыз? — деді. 32 Бірақ Иса мұны істеген адамды көру үшін айналасына көз жүгіртті. 33 Өзіне не болғанын білген әйел қорыққаннан дірілдеп, Исаның алдына келді. Оның аяғына жығылып, шындығын түгелдей айтып берді. 34 Иса оған:

— Қарындас,5:34 Немесе: Қызым. (Осы қаратпа сөзбен Иеміз Иса сол қиналған әйелге деген жанашырлығы мен мейірімділігін білдірді.) сенімің арқылы құтқарылдың. Аман-есен қайта бер, қиналған дертіңнен айықтың! — деді.

35 Иса осыны айтып тұрғанда, мәжілісхана жетекшісінің үйінен кісілер келіп: «Қызыңыздан айырылып қалдық. Енді Ұстазды әурелемей-ақ қойыңыз», — деп хабарлады. 36 Алайда Иса сол айтқандарын естіп, жетекшіге: «Қорықпа, тек сенімің болсын!» — деді.

37 Содан Ол Петір, Жақып және оның інісі Жоханнан өзге ешкімді ертпей, 38 мәжілісхана жетекшісінің үйіне барды. Сол жерден абыржығандар мен зар жылап жоқтау айтқандарды көрді. 39 Иса үйге кіріп, оларға: «Неге осылайша абыржып, жылайсыңдар? Қыз өлген жоқ, ұйықтап жатыр», — деді. 40 Олар Оның айтқанына күлді. Бірақ Иса барлығын сыртқа шығарып жіберіп, тек қыздың әке-шешесін және Өзінің қасында жүргендерді ғана ертіп, қыз жатқан бөлмеге кірді. 41 Қыздың қолынан ұстап тұрып, оған: «Талифа куми!»5:41 Сол заманда көп қолданылатын арамей тілінде. — деді. Бұның мағынасы: Қызым, саған айтамын, тұра ғой! 42 Он екі жасар қыз бала сол сәтте-ақ орнынан тұрып, жүре бастады! Мұны көргендер үрейлері ұшып, қайран қалысты. 43 Ал Иса оларға бұл туралы ешкімге тіс жармауды қатты ескертті де, «Оған тамақ беріңдер!» — деп бұйырды.

Estes versículos te tocaram? Ore agora!

+581 estão orando agora.

Junte-se à corrente de oração.

Veja também