37 Бірақ Иса:
— Оларға тамақты сендер беріңдер! — деп жауап қатты. Шәкірттері:
— Онда біз барып, екі жүз күндік жалақыға6:37 Немесе: екі жүз динарға. (Динар яки Денарион: жай жұмыскердің бір күндік жалақысы болған күміс теңге: Мат 20:2.) нан сатып алып, бұларды тамақтандырайық па? — деп сұрады. 38 Ал Иса оларға:
— Қанша нандарың бар? Барып, қарап келіңдер! — деп тапсырды. Біліп келген олар:
— Бес күлше нан мен екі кепкен балық6:38 Сол жақтың жұрты тұздалып кептірілген балықты нанға қосып жейтін (8:7; Мат 7:10; 14:17). бар екен, — деді. 39 Сонда Иса шәкірттеріне адамдарды топ-топқа бөліп, көгалдың үстіне жайғастыруды тапсырды. 40 Сонымен жұрт жүзден, елуден топтасып жайғасты. 41 Иса бес күлше мен екі кепкен балықты қолына алып, көкке қарап тұрып шүкірлік етті.6:41 Мат 14:19; 26:26. Нанды халыққа тарату үшін үзіп-үзіп, шәкірттеріне бере берді, екі балықты да бәріне бөліп, үлестірді. 42 Барлығы да жеп тойды.
43 Соңында олар нан үзімдері мен балықтан артылып қалғандарын жинап алғанда он екі себет6:43 Яки: тоқыма қорап, кәрзеңке. толды.