48 Сонда Ол ескек есіп бара жатқан шәкірттерінің қиыншылыққа тап болғанын көрді. Себебі жел қарсы соғып тұрған еді. Таңғы алагеуімде6:48 Немесе: Түннің төртінші күзеті шамасында (Яғни таңғы сағат үш пен алты арасында: 13:35; Мат 14:25). Иса оларға көл бетімен жақындап келіп, қастарынан өтіп кетпекші болды. 49 Оның көл үстінде жаяу жүргенін байқап қалып, шәкірттері елес екен деп ойлап, айқайлап жіберді. 50 Өйткені бәрі де Оны көріп, қорқып кетті.
Иса оларға дереу тіл қатып: «Қорықпаңдар, бұл Менмін ғой! Үрейлерің ұшпасын!» — деп көңілдерін орнықтырды да, 51 олардың қайығына мінді. Сонда жел де басылды. Шәкірттері қатты қайран қалып, аң-таң болды.