11 Бірақ сендер адамның өз әкесіне не шешесіне: «Менен көрмек игіліктеріңізді мен құрбан етіп қойдым, яки Құдай жолына бағыштадым» деуіне рұқсат бересіңдер. 12 Осылайша сол адамның әке-шешесіне ешқандай көмек бермей, оларды сыйламауына жол бересіңдер. 13 Сөйтіп сендер өз дәстүрлеріңді орнатып, Құдайдың бұйрығын жоққа шығардыңдар!7:13 Немесе: Құдайдың сөзінің (яки өсиеттерінің) күшін жойдыңдар! (7:10) Бұған ұқсас тағы басқа да теріс қылықтарды көптеп істеп жүрсіңдер.
14 Иса жиналған халықты қайтадан қасына шақырып алды да, оларға былай деді:
— Бәрің де сөзіме құлақ салып, мынаны жақсылап ұғып алыңдар: 15,16 адам бойына сырттан енген еш нәрсе де оны арамдай алмайды. Керісінше, ішінен шыққандары адамды арамдайды. (Құлағы барлар жақсылап тыңдасын!)