Мәсіхтің көптеген шетелдіктерді сауықтыруы
31 Иса Тирден кетіп, Сидон арқылы Ғалилея көліне оралып, Онқала аймағына барды.7:31 Сол аймақтың тұрғындарының басым көпшілігі исраилдік емес, басқа ұлттық болатын әрі Құдай Тағалаға мойынсұнбайтын.32 Сол жерде адамдар Исаға саңырау, тілі мүкіс біреуді алып келді. Олар Исадан оның үстіне қолын қойып бата беруін өтінді. 33 Иса сол кісіні көпшіліктен былайырақ алып шығып, екі саусағын оның құлақтарына тықты. Бұдан кейін түкіріп тастап,7:33 8:23; Жох 9:6. қолын кемтар адамның тіліне тигізді, 34 әрі көкке қарап күрсініп,7:34 Яки: аспанға қарап қайғыра ыңырсып (және Құдай Әкеге сиынып) (Жох 11:33; Рим 8:23). оған: «Еффата!»7:34 Сол заманда көп қолданылған арамей тілінде. яғни «Ашыл!» — деді. 35 Сол сәтте-ақ адамның құлақтары ашылды және тілінің байлауы шешіліп, айқын сөйлеп кетті!7:35 Иш 25:5-6; Мат 15:29-31.
36 Иса жұртқа бұл туралы тіс жармауға бұйырды. Алайда Ол неғұрлым қатаң тыйым салғанмен, халық болған оқиғаны соғұрлым кеңірек жариялады. 37 Олар әбден қайран қалып: «Ол істеген әр нәрсе де керемет жақсы!7:37 2:12; Жар 1:31. Тіпті саңырауларды еститін, мылқауларды сөйлейтін қылады!» — деп таңғалысты.