9 Иса сөзін жалғастырып оларға мынаны да айтты:
— Өз дәстүрлеріңді сақтау үшін Құдайдың өсиеттерін былай қойып, оларды менсінбеулерің қандай «жақсылық»?! 10 Құдай Мұса пайғамбар арқылы: «Ата-анаңды сыйла!» және: «Егер біреу әкесін не шешесін жамандайтын болса,7:10 Немесе: әкесін не шешесін қарғайтын болса. ол өлтірілсін!» деп бұйырған еді ғой.7:10 Мыс 20:12; 21:17; Леу 20:9; Заң 5:16.11 Бірақ сендер адамның өз әкесіне не шешесіне: «Менен көрмек игіліктеріңізді мен құрбан етіп қойдым, яки Құдай жолына бағыштадым» деуіне рұқсат бересіңдер. 12 Осылайша сол адамның әке-шешесіне ешқандай көмек бермей, оларды сыйламауына жол бересіңдер. 13 Сөйтіп сендер өз дәстүрлеріңді орнатып, Құдайдың бұйрығын жоққа шығардыңдар!7:13 Немесе: Құдайдың сөзінің (яки өсиеттерінің) күшін жойдыңдар! (7:10) Бұған ұқсас тағы басқа да теріс қылықтарды көптеп істеп жүрсіңдер.