Pular para o conteúdo
Publicidade

Марқа 9

17 Халықтың арасынан біреу:

— Ұстаз, мен ұлымды Сізге көрсету үшін осында әкелген едім. Оны жын соғып, бала мылқау болып қалды.9:17 9:25-27.18 Жыны қайда ұстаса, сол жерде алып ұрады. Баланың аузынан көбік ағып, тістерін шықырлатып, сіресіп қатып қалады. Шәкірттеріңізден жынды қуып шығуларын сұраған едім, бірақ олардың қолынан келмеді! — деп жауап берді. 19 Сонда Иса:

— Ей, сенбейтін ұрпақ-ай! Қанша уақыт қастарыңда болмақпын, қанша уақыт сендерге төзбекпін?! Кәне, баланы Маған әкеліңдер! — деді. 20 Содан олар баланы Исаның қасына алып келді. Жын Оны көрісімен-ақ баланы қалшылдата бастады. Бала жерге құлап түсіп, аузынан көбік шаша дөңбекшіп жатты. 21 Иса оның әкесінен:

— Ұлың қашаннан бері мұндай? — деп сұрады.

— Кішкентай кезінен бері. 22 Жын оны құртпақ болып, жиі-жиі отқа да, суға да құлатып келеді. Қолыңыздан келсе, бізді мүсіркеп жәрдем ете көріңіз! — деді әкесі. 23 Иса оған:

— «Қолыңыздан келсе» деген не сөз? Сенушіге бәрі де мүмкін,9:23 Немесе: Егер де (сену) сенің қолыңнан келсе! Сенушіге (Құдай бұйырып, уәде еткеннің) бәрі де мүмкін. (Құдайға шынайы сенетін кісі Оған шек қойып, шүбәланбайды: Мат 17:20; Жох 11:40.) — деп жауап берді. 24 Баланың әкесі (көзіне жас алып) дереу:

— Мен сенемін. Сенімім жетіспегенде оны нығайта көріңіз! — деп дауыстап жіберді.

25 Иса тағы көбірек халықтың жүгіріп келіп, жиналып жатқанын байқаған соң, жынға қатаң бұйрық беріп: «Саңырау, мылқау қылатын жын, саған бұйырамын: бұдан шық! Енді қайтып еш уақытта оған жолама!» — деді. 26 Жын шыңғырып жіберіп, баланы қатты қалшылдатты да, шығып кетті. Бала өліп қалғандай сұлық жатты. Сондықтан жұрттың көбі оны өлді десті. 27 Бірақ Иса қолынан демеп көтергенде, бала орнынан тұрды.

Estes versículos te tocaram? Ore agora!

+581 estão orando agora.

Junte-se à corrente de oração.

Veja também