Pular para o conteúdo
Publicidade

Матай 11

20 Сол уақытта Иса Өзінің істеген кереметтерін көбірек көрген қалаларды күнәларына өкініп, теріс жолдан қайтпағандары үшін айыптай бастады:11:20 11:1,4-6,16-19; Мар 6:45,53-56; 8:22-26.

21 — Ей, Хоразин қаласы, қасіретке қаласың! Ей, Бетсайда қаласы, сен де қасіретке қаласың! Егер сендерде жасалған кереметтер (шетелдік) Тир мен Сидон қалаларында орын алған болса, олардың халқы әлдеқашан азалы киім киіп, күлге отырып,11:21 Яки: беттерін тырнап, шаштарын жұлып қайғырып. теріс жолдарынан қайтқан болар еді.11:21 3:2,11-12; 4:17; 8:16-17; 10:1; 11:1.22 Ендеше сендерге айтамын: қиямет соты күні Тир мен Сидонның тұрғындарының тартатын жазасы сендердікінен жеңілірек болмақ!

23 Ал, Қапарнаум қаласы, сенің атың мақталып, көкке шығарыла ма? Жоқ, сен түпсіз тұңғиыққа құлайсың!11:23 (4:13,16; 7:13,19,21; 8:5-6,13-17) Немесе: Ал, Қапарнаум, сен көкке шығарылдың. Енді о дүниеге (яки тозаққа) құлайсың! Егер сенде жасалған кереметтер ежелгі Содомда11:23 Содом мен Ғомора қалаларының тұрғындары істеген азғындықтарына бола кең танымал болатын (Жар 18:20; 19:24-28). орын алған болса, сол қала күні бүгінге дейін сақталған болар еді. 24 Ендеше сендерге айтамын: қиямет соты күні тіпті Содом халқының тартатын жазасы сендердікінен жеңілірек болмақ!

Estes versículos te tocaram? Ore agora!

+581 estão orando agora.

Junte-se à corrente de oração.

Veja também