47 Құдай Патшалығын көлге тасталғанда әр түрлі балықтар түсетін аумен де салыстыруға болады. 48 Ау толғанда оны жағаға шығарып, отыра қалып, балықтың жақсыларын ыдысқа жинап алып, нашарларын лақтырып тастайды.
49 Ақырзаманда да осылай болмақ: періштелер келіп, жамандарды әділдерден ажыратып, 50 жанып тұрған ошақ іспетті тозақ отына лақтырады. Сонда олар зар еңіреп жылап, қинала тістенетін болады», — деп сөзін аяқтаған