15 Кеш түсе шәкірттері Ұстазының қасына келіп:
— Бұл — құлазыған дала, ал күн кеш болып кетті. Халықты таратып жіберіңіз. Олар жақын маңдағы ауылдарға барып, тамақ сатып алсын, — деген ұсыныс жасады. 16 Бірақ Иса:
— Кетулері қажет емес, оларға тамақты сендер беріңдер! — деп жауап қатты. Шәкірттер:
17 — Бізде тек бес күлше нан мен екі кепкен балық14:17 Сол жақтың жұрты тұздалып кептірілген балықты нанға қосып жейтін (7:10). қана бар, — деді. Иса:
18 — Соларды Маған алып келіңдер! — деп, 19 халыққа көгалдың үстіне жайғасып отыруды бұйырды. Мұнан кейін Иса бес күлше мен екі балықты қолына алып, көкке қарап тұрып шүкірлік етті.14:19 Яки: көктегі Әкесіне ризашылық білдіріп, (тамаққа) бата берді (26:26). Нанды үзіп-үзіп, шәкірттеріне бере берді, ал олар халыққа үлестірді. 20 Барлығы да жеп тойды.
Соңында олар нан үзімдері мен балықтан артылып қалғандарын жинап алғанда, он екі себет14:20 Яки: тоқыма қорап. толды. 21 Ал балалар мен әйелдерді есептемегеннің өзінде тамақтанған ер адамдардың жалпы саны бес мыңдай еді.