Pular para o conteúdo
Publicidade

Матай 15

Шетелдік әйелдің Мәсіхке деген ғаламат сенімі

21 Иса сол жерден кетіп, Тир мен Сидон аймағына15:21 Тир мен Сидон Ғалилеядан елу не сексен шақырымдай қашықтықта қазіргі Ливан елінің (ежелгі Финикия өлкесінің) теңіз жағасында орналасқан, кеме тоқтайтын үлкен қалалар болатын. барды.

22 Бұл өңірден шыққан бір қанахандық15:22 Сол жердің алғашқы қоныстанушылары болған қанахандықтар яһуди діні мен әдет-ғұрыптарын ұстанбайтын. Сондықтан яһудилер оларды «арам» деп есептейтін. әйел Оған: «Тақсыр, Дәуіттің Ұрпағы,15:22 Яһудилер көптен бері күтіп келген Мәсіхтің атағы (1:1; 9:27; 12:23; Түсіндірмені де қараңыз). рақым етіңіз! Қызымды жын соғып, қатты қинап жатыр!» — деп айқайлады. 23 Бірақ Иса оған бір сөз де айтпады.15:23 Осылай Иеміз бұл әйелдің сенімінің шынайылығын сынамақ болды (15:26,28; Заң 8:2). Сонда шәкірттері Ұстазына келіп:

— Мынаның тілегін орындап, жібере салыңыз. Ол соңымыздан қалмастан айқайлап келеді, — деп өтінді. 24 Ал Иса:

— Мен тек адасып кеткен қойларға ұқсас Исраил халқына ғана жіберілгенмін, — деді.15:24 Алғашқыда Иса Құдай ерекше Келісім жасаған Исраил халқына арнап қызмет еткенмен, кейін барлық халықтарға да Жаңа Келісім арқылы Құдаймен тікелей байланыс жолын ашты (10:5-6; 12:21; 26:26-28; 28:18-20).25 Әйел Оның алдына келіп, иіліп тағзым етіп:

— Тақсыр, маған көмектесе көріңіз! — деп жалынғанда, 26 Иса оған астарлап:

— «Балалардың нанын алып қойып, үй күшіктеріне тастау дұрыс емес»,15:26 Мар 7:24-28. — деді. Әйел:

27 — Айтқаныңыз дұрыс, Тақсыр! Дегенмен «үй күшіктері» де иелерінің дастарқанынан түскен ұсақ-түйек қалдықтармен қоректенеді ғой, — деп жауап берді. 28 Иса:

— Қарындас, сенімің ғаламат зор екен! Тілегенің болсын! — деді. Сол сәтте-ақ оның қызы сауығып кетті.

Estes versículos te tocaram? Ore agora!

+581 estão orando agora.

Junte-se à corrente de oração.

Veja também