Pular para o conteúdo
Publicidade

Матай 17

Мәсіхтің өз Патшалығының салтанатымен үш елшісіне көрінуі

1 Иса осыдан алты күннен кейін тек Петірді және Жақып пен оның інісі Жоханды ғана ертіп алып, бір биік таудың басына шықты. 2 Сонда Оның сыртқы түрі үш елшісінің көз алдарында өзгеріске түсті: бет-әлпеті күндей жарқырап, киімдері нұрланып аппақ сәуле шашты. 3 Кенеттен (ежелде өмір сүрген) Мұса пайғамбар мен Ілияс пайғамбар пайда болып,17:3 Заң 29:1; Евр 3:5; Пат3 18:21,36-39; Мар 9:11-13; Лұқ 9:30-31. Исамен сөйлесті.

4 Сол кезде Петір Исаға: «Мырза, бұл жерде болғанымыз қандай жақсы! Біреуін Сізге, біреуін Мұсаға, біреуін Ілиясқа арнап үш күрке құрайын»,17:4 Немесе: үш (киелі) шатыр (Мыс 25:9; Евр 8:5) құрайық (Мар 9:5; Лұқ 9:33). — деп тіл қатты. 5 Ол әлі де сөйлеп тұрған кезде-ақ кенеттен бір нұрлы бұлт17:5 Мыс 13:21; 40:34-35,38; Мар 9:7. оларға көлеңкесін түсіріп, бұлт ішінен: «Бұл — Менің сүйікті рухани Ұлым,17:5 Немесе: сүйікті Ұлым (1:18,20-23). Оған ризамын. Оны тыңдаңдар!» — деген дауыс шықты.

Estes versículos te tocaram? Ore agora!

+581 estão orando agora.

Junte-se à corrente de oração.

Veja também