Pular para o conteúdo
Publicidade

Матай 18

Өзін кіші тұту және басқаларды азғырмау туралы ескерту

1 Сол уақытта шәкірттері Исаның қасына келіп:

— Құдай Патшалығында кімнің жолы ең үлкен? — деген сұрақ қойды. 2 Иса бір кішкентай баланы шақырып алып, орталарына тұрғызып қойды да, былай деді:

3 — Сендерге шындығын айтайын: теріс пікірлеріңнен қайтып, бала сияқты (кішіпейіл) болмасаңдар, Құдайдың Патшалығына кіре алмайсыңдар!18:3 Яки: Құдай Өзінің игілікті басшылығын сендердің өмірлеріңе орнатпайды (3:2; 5:3-5; Жох 3:3,5; Түсіндірмедегі «Құдай Патшалығын» қараңыз).4 Кім өзін осы жас бала сияқты кіші тұтса, Құдай Патшалығында соның жолы ең үлкен.

Estes versículos te tocaram? Ore agora!

+581 estão orando agora.

Junte-se à corrente de oração.

Veja também