Күнәлі бауырласын тура жолға қайтаруға ұмтылу
15 Егер бауырласың18:15 Яғни басқа бір сенуші (18:35; 12:49; 23:8). саған қарсы күнә жасаса, оған барып, істегені туралы оңаша сөйлесіп, әшкереле. Егер де айтқаныңа құлақ асса, бауырласыңды қайтадан тапқаның. 16 Ал егер тыңдамаса, қасыңа бір-екі кісі ертіп алып, оған тағы бар. Осылай әрбір сөз екі не үш куәгердің айтқандарымен дәлелденсін.18:16 Заң 19:15; Жох 8:17; Қор2 13:1; Тім1 5:19.