Pular para o conteúdo
Publicidade

Матай 2

Шетелдік ғұламалардың Құдай жіберген Патшаға ізет білдіруі

1 Иса Иродтың2:1 Исраил елінің қатыгез патшасы, шетелдік Едом ұлтынан шыққан Ирод І (Түсіндірмедегі «Ирод әулетін» қараңыз). патшалық құрған заманында Яһудея аймағындағы Бетлехем қалашығында дүниеге келді. Біраздан кейін Иерусалимге2:1 Бетлехем: Яһудея (Иудея) аймағының таулы өңірінде, Иерусалимнен 8 шақырым оңтүстікке қарай орналасқан шағын қала, ежелгі патша әрі пайғамбар Дәуіттің шыққан атамекені (Пат1 16:1,11-13). Иерусалим: Яһудея аймағының астанасы, Дәуіт пайғамбардың бүкіл Исраилге патшалық құрған қаласы (Пат2 5:6,9,12). шығыс өлкесінен жұлдыз санаушы ғұламалар сапарлап келіп: 2 «Яһудилердің жаңа туған Патшасы қайда екен? Біз Оның жұлдызының шығыс жақтан туып, жарқырағанын көрдік. Жаңа туған Патшаға ізет білдіру үшін келіп тұрмыз», — деп сұрастыра бастады.

3 Ирод патша мұны естігенде қатты абыржып, онымен бірге Иерусалимнің бүкіл халқы да мазасызданды. 4 Патша елдің барлық басты діни қызметкерлері мен дін мұғалімдерін жинап алып, оларға:

— Мәсіх қай жерде дүниеге келуге тиіс? — деген сұрақ қойды. 5 Олар былай деп жауап берді:

— Яһудея аймағындағы Бетлехемде дүниеге келуге тиіс. Себебі (Миха) пайғамбар Құдайдың мына сөздерін жазып қалдырды: 6 «Ал сен, Яһуда жеріндегі Бетлехем, Яһуданың басты қалаларының арасындағы ең маңызсызы емессің: сенен Менің халқым Исраилге басшылық ететін Көсем шығады».2:6 (Мих 5:2) Яки: Исраилді бағатын Көсем шығады. (Ежелде ел басшылары отарын бағып, қамқорлайтын шопанға ұқсатылып бейнеленетін.)

7 Сонда Ирод жат жерлік ғұламаларды астыртын шақыртып алып, жұлдыздың аспанда қашан көрінгені туралы сұрап, біліп алды. 8 «Барып, осы Бала туралы мұқият сұрастырып біліңдер, Оны тапқан соң маған хабарлаңдар! Мен де барып, Оған ізет білдірейін», — деп, оларды Бетлехемге жіберді.

9 Ғұламалар патшаны тыңдап алып, жолға шығып кетті. Міне, қызық! Өздері бұрын шығыс жақтан көрген жұлдыз алдарында жылжып отырып, ең соңында Нәресте жатқан жердің үстінен тоқтады. 10 Жұлдызды байқаған олардың қуаныштары қойындарына сыймады. 11 Үйге кіргенде анасы Мәриямның қасындағы Нәрестені көрген ғұламалар жерге жүгіне кетіп, Оған иіліп ізет білдірді. Содан олар алып келген сандықшаларын ашып, Сәбиге сый-тартуларын: алтын әрі жұпар шайыр мен мүр атты хош иісті заттарды2:11 Жұпар шайыр: яки ладан (Лұқ 1:9-10; Мыс 30:6-8). Мүр: яки смирна (Жыр 44:9; Мар 15:23; Жох 19:39-40). ұсынды.

12 Мұнан кейін ғұламалар көрген түстерінде Құдайдан «Иродқа қайта оралмаңдар!» деген бұйрық алғандықтан, өз елдеріне басқа жолмен қайтып кетті.

Estes versículos te tocaram? Ore agora!

+581 estão orando agora.

Junte-se à corrente de oração.

Veja também