Pular para o conteúdo
Publicidade

Матай 21

Мәсіхтің елдің астанасына салтанатпен кіріп, ғибадатхананы арамдықтан тазартуы

1 Осылай Иса мен шәкірттері Иерусалимге таяп, Зәйтүн тауының беткейіндегі Бетфаге ауылына жақындап келді. Сонда Иса екі шәкіртін жұмсап, 2 оларға мынадай тапсырма берді:

— Қарсы алдарыңдағы ауылға барыңдар. Оған кірген бойда байлаулы тұрған бір ұрғашы есекті және қасында тұрған тайқарды21:2 Тайқар: жас есек. көресіңдер. Соларды шешіп, алып келіңдер. 3 Егер біреу сендерге бірдеңе дей қалса, оған: «Бұлар Мырзамызға керек» деп жауап беріңдер. Сонда ол дереу жібере салады.

4 Осының бәрі орындалғанда (ежелде Зәкәрия) пайғамбар айтқан мына тәрізді сөздер жүзеге асты: 5 Сион халқына мынаны айтыңдар: «Қара, сенің Патшаң саған келе жатыр! Ол кішіпейілділікпен есекке мініп, тайқардың, жүк таситын бір жас көліктің, үстінде отыр».21:5 Зәк 9:9.

6 Екі шәкірт барып, Исаның тапсырғанындай істеп, 7 ұрғашы есек пен тайқарды алып келді. Олар үстіне шапандарын жапқаннан кейін, Иса тайқарға мінді.

8 Халықтың көбі жамылғыларын жолға жайса, өзгелері ағаштардан бұтақшалар кесіп алып, соларды төсеп отырды.21:8 Осы салтпен халық Исаны Құдай жіберген Құтқарушы Патша — Мәсіх (1:1,16) ретінде қарсы алды.9 Алды-артынан еріп жүрген қалың топтар қатты дауыспен былай деп айқай салды:

«Дәуіттің Ұрпағы үшін Тәңір Ие мадақталсын!»21:9 Немесе: Дәуіттің Ұрпағы үшін (яки: Дәуіттің Ұрпағына) осанна! (21:15; Түсіндірмедегі «Осаннаны» да қараңыз.)

«Жаратқанның атынан келе жатқан (Патша) жарылқанған!»

«Заңғар аспанда Жаратқан Ие мадақталсын!»21:9 Жыр 117:25-26; 148:1.

10 Иса Иерусалимге кірген кезде бүкіл қала толқып, халық:

— Бұл кім Өзі? — деп сұрасты. 11 Оған еріп жүрген қалың топтар:

— Бұл — Иса, Ғалилеядағы Назареттен шыққан Пайғамбар! — деп жауап қайырды.

Estes versículos te tocaram? Ore agora!

+581 estão orando agora.

Junte-se à corrente de oração.

Veja também