Pular para o conteúdo
Publicidade

Матай 21

18 Ертеңгісін қалаға қайтып келе жатқанда Исаның қарны ашты. 19 Жол бойында Ол бір інжір ағашын көріп, қасына барды. Бірақ одан жапырақтан өзге ештеңе таппады. Сонда Иса: «Бұдан былай мәңгі ешқандай жемісің болмасын!» — деді. Інжір ағашы бірден қурап қалды.21:19 Жеміс бермеген сол інжір ағашы Құдай күткен әділ істерді істемеген Исраил халқын бейнеледі (3:8; 4:17; Мар 11:13; Лұқ 13:8; Жох 15:5-6).

20 Мұны көрген шәкірттері қайран қалып, өзара:

— Ағаш қалайша бірден қурап қалды? — деп сұрасты. 21 Иса:

— Сендерге шындығын айтамын: егер еш күмәнсіз Құдайға сенсеңдер, Менің осы ағашқа істегенімнен де зор нәрсені істейтін боласыңдар. Мына тауға: «Орныңнан көтеріліп, теңізге лақтырыл!» — десеңдер, сол орындалады. 22 Құдайға сеніммен сиынып (Оның еркіне сай) нені сұрасаңдар да, Одан аласыңдар, — деп жауап берді.

Estes versículos te tocaram? Ore agora!

+581 estão orando agora.

Junte-se à corrente de oração.

Veja também