Мәсіхтің көктен қайтып келуіне үнемі дайын болу қажет
29 Бұл қиын-қыстау кезеңнен кейін дереу «күнді қараңғылық басып, ай да жарқырамайтын болады. Жұлдыздар аспаннан құлап, аспан күштері шайқалады!»24:29 Немесе: аспан денелері шайқалады (Иш 13:10; 34:4).
30 Сол уақытта Менің Билеуші ретінде қайтып келуімнің ғажайып белгісі24:30 Немесе: Құдай тағайындаған Билеушінің («Адам Ұлының» яғни Иса Мәсіхтің Өзінің) ғажайып белгісі (16:27; Дан 7:13-14; Сал1 2:12; 4:16). аспаннан көрінетін болады. Сонда жер бетіндегі барлық ұлттар24:30 Немесе: Жердегі барлық әулеттер (рулар) (Зәк 12:10-14; Аян 1:7). үрейленіп, еңіреп жылайды. Олар Менің Билеуші ретінде ғаламат құдіретпен, салтанатты ұлылықпен бұлттардың үстінде көктен келе жатқанымды көреді.24:30 26:64; 28:18.31 Мен кернейдің зор үнімен періштелерімді жіберіп, олар аспанның о шетінен бұ шетіне дейін, дүниенің төрт бұрышынан Менің таңдап алған адамдарымды жинап әкелетін болады.