Сенушілердің қудалануы, ал Ізгі хабардың бар әлемге жеткізілуі
9 Сол кезде жұрт сендерді азаптап, өлтіру үшін ұстап береді. Менің атымды мойындағандарыңа бола барлық ұлттар сендерді жек көретін болады. 10 Сонда көбі сенімдерінен танып, өзара опасыздық жасап, бір-бірін жек көреді. 11 Талай жалған пайғамбарлар халық алдына шығып, көптеген адамдарды алдап, азғыратын болады.