35 Себебі сендер Мен ашыққанда тамақ, шөлдегенімде сусын бердіңдер. Бейтаныс25:35 Яки: Жат жұрттық. болып баспана іздегенімде Мені үйлеріңе қабылдадыңдар. 36 Киімсіз жүргенімде киіндірдіңдер, ауырғанымда Маған қамқорлық жасадыңдар, түрмеде отырғанымда артымнан келіп тұрдыңдар.
37 Сонда әділдер Оған:
— Иеміз, қашан Сіздің ашыққаныңызды көріп, тамақтандырған едік? Немесе шөлдегеніңізде сусын берген едік? 38 Қашан бейтаныс болып баспана іздеп жүргеніңізді көріп, Сізді қабылдаған едік? Немесе киімсіз жүрген Сізді киіндірдік? 39 Қай кезде Сіз ауырып не түрмеде жатқаныңызда артыңыздан келіп тұрдық? — деген сұрақ қояды.
40 Патша оларға былай деп жауап береді:
— Сендерге шындығын айтамын: Менің мына бауырларымның25:40 Яки: мына рухани бауырластарымның (12:48-50; Жох 20:17; Елш 9:1,4-5). тіпті ең маңызсыз болып көрінген біреуіне жасаған жақсылықтарың — шын мәнінде Маған жасаған жақсылықтарың!