Pular para o conteúdo
Publicidade

Матай 3

Жақия пайғамбардың Мәсіхке жол дайындауы

1 Сол заманда шомылдыру рәсімін3:1 Сенуші осы рәсімнен өткенде өзінің теріс жолдан қайтып, Құдай жолына түсіп, кешірілгендігін және ар-ұжданының тазарғандығын бекітеді (3:2,8,11; 28:18-20; Түсіндірмені де қараңыз). орындаушы Жақия пайғамбар келіп, Яһудея аймағындағы айдалада былай деп уағыз айта бастады:

2 «Теріс жолдан қайтып, Құдай жолына түсіңдер! Құдай Патшалығының3:2 Немесе: Көк Патшалығының (Дан 2:44; Түсіндірмені де қараңыз). жер бетіне орнайтын кезі таяп қалды!»

3 Ишая пайғамбардың ежелде былай деп алдын ала айтқаны Жақия туралы болатын:

«Жар салған дауыс шығады айдалада:

Жаратқан Иеге жолды дайындаңдар,

Түзу қылып даңғыл жолды салыңдар!»3:3 (Иш 40:3) Ежелде патшалар бір жерге шығарда өкілдері халыққа оның жүретін жолдарын тегістетіп, жөндетіп қойғызатын. Мұнда Иеміздің өз халқына салтанатты шерумен келетіні және Оның халқының соған дайындалуға тиіс болатыны алдын ала айтылған.

4 Жақия түйе жүнінен шапан киіп, қайыс белбеумен белін буып жүретін.3:4 Ежелде Ілияс және өзге де пайғамбарлар осылай киініп, белдерін буатын (Пат4 1:8; 2:13). Жейтін азығы шегіртке және жабайы араның балы болды. 5 Сол уақытта Иерусалим қаласынан, бүкіл Яһудея аймағынан және Иордан жағасындағы барлық өңірден халық Жақияның қасына ағылып келіп жатты. 6 Олар күнәларын мойындаған соң, Жақия оларды Иордан өзенінде шомылдыру рәсімінен өткізді.

Estes versículos te tocaram? Ore agora!

+581 estão orando agora.

Junte-se à corrente de oração.

Veja também