16 Иса шомылдыру рәсімінен өткеннен кейін дереу судан шықты. Сол сәтте көк ашылып, Иса Өзіне көгершін сияқты төмендеп келіп, қонған Құдай Рухын көрді. 17 Сонда көктен: «Бұл — Менің сүйікті рухани Ұлым,3:17 Немесе: сүйікті Ұлым. (Бұл атақ табиғи туу арқылы пайда болған тәндік туыстықты білдірмейді. Қайта, ол Мәсіх пен Құдай арасындағы мәңгілік рухани байланысқа меңзейді: Жыр 2:2,6-9; Иш 7:14; 9:6-7; Лұқ 1:30-35; 2:9-11; Жох 1:3,14; Жар 1:26; Қол 1:16; Түсіндірмедегі «Құдай Сөзін» және «Құдайдың рухани Ұлын» да қараңыз.) Оған толықтай ризамын!» — деген дауыс естілді.
Publicidade