«Тұз» және «нұр»: сенушінің күнәкар дүниедегі іс-әрекеті
13 Сендер жер бетінде тұз сияқтысыңдар. Ал егер тұз өз күшінен айырылған болса,5:13 Сол заманда жұрт теңіз суынан айырып алған тұз қосындыларын қарапайым қыш құмыраларда сақтайтын. Тұрған жері дымқыл болса, ас тұзы еріп, қыштан өтіп кетіп, қалғаны дәмсіз әрі тағамды бұзылудан сақтауға жарамай қалатын (Лұқ 14:34-35). онысын қалай қалпына келтіруге болады? Еш нәрсеге жарамсыз болып шыққандықтан, оны лақтырып тастап, аяқ асты ету ғана қалады.
14 Сендер дүниеге (Құдай жолын көрсететін) «нұрсыңдар».5:14 Флп 2:15-16; Еф 5:8-14. Төбе басына салынған қала жасырынып қала алмайды. 15 Ешкім шам жағып, оны ыдыспен бүркеп қоймайды. Қайта, оны шам қойғышқа5:15 Яғни шамдалға (майшамға арналған тұғырға). қояды, сонда оның жарығы үйдегілердің бәріне түседі. 16 Сол сияқты, сендердегі «нұр» адамдарға сәулесін төксін. Осылайша олар игі істеріңді көріп, көктегі Әкелеріңді5:16 5:9,44-45; Жох 1:12; 3:5. мадақтап дәріптесін.