3 — Құдай алдында құр алақан тұрғандар бақытты:5:3 Яки: Өздерінің рухани жарлы, яғни Құдайдың кешірімі мен Киелі Рухына мұқтаж екендіктерін мойындағандарға Құдай риза болып, оларды жарылқайды (Тім1 2:3-4).
Құдайдың Патшалығы сондайларға арналған!5:3 25:34.
4 Күнәларына өкініп қайғырғандар бақытты:
Құдай оларды жұбататын болады!5:4 Иш 61:2-3; Лұқ 6:21.
5 Кішіпейіл жандар бақытты:
олар жерді иемденетін болады!5:5 Жыр 36:11.
6 Әділдікті аңсап зарыққандар бақытты:
олар қанағат табатын болады!5:6 Иш 55:1-2.
7 Мейірімділер бақытты:
Құдайдың мейірімі соларға түседі!5:7 Жақ 2:13.
8 Жүректері пәк тазалар бақытты:
олар Құдайды көретін болады!5:8 Жыр 23:3-4; 72:1; 16:15; 41:3.
9 Татуластырушылар бақытты:
олар Құдайдың рухани балалары деп аталмақ!5:9 Сенушінің Құдаймен байланысы әке мен баласындай жақын. Сенуші Құдай Рухының арқасында қайта туылып, Құдайдың (рухани) баласы деп аталады (5:44-45; Лұқ 6:35; Жох 1:12; 3:5; Рим 14:19).
10 Әділдік үшін қудаланғандар бақытты:
Құдай Патшалығы сондайларға арналған!
11 Адамдар сендерді Маған бола қорлап, қудалап,
әр түрлі жала жауып жамандаса, бақыттысыңдар!
12 Қуана шаттаныңдар,
себебі көкте сендерді зор сыйларың күтіп тұр!
Жұрт сендерден бұрынғы пайғамбарларды да солай қудалаған.