Pular para o conteúdo
Publicidade

Матай 7

Басқаны айыптауға асықпай, әркім өз кемшілігіне назар аударсын

1 Құдай өздеріңе үкім шығармас үшін сендер басқаларға үкім айтпаңдар! 2 Себебі басқаларға қандай үкім айтсаңдар, өздеріңе де сондай үкім шығарылады. Сендер өзгелерге қолданған өлшем өздерің үшін де қолданылмақ.7:2 Яки: Өзгелерге қандай өлшемді қолдансаңдар, сендер сол өлшеммен бағаланып, сотталатын боласыңдар (Лұқ 6:37-38).

3 Неге бауырыңның көзіндегі жаңқаны7:3 Яки: тікенді (не сабан талшығын) (Лұқ 6:41). көре тұра, өз көзіңдегі бөренені байқамайсың? 4 Өз көзіңде бөрене тұрғанда бауырыңа: «Кәне, сенің көзіңнен жаңқаны алып тастайын» деп қалайша айта аласың? 5 Әй, екі жүзді! Әуелі өз көзіңнен бөренені алып таста! Бауырыңның көзіндегі жаңқаны содан кейін анық көріп, алып тастарсың.

Estes versículos te tocaram? Ore agora!

+581 estão orando agora.

Junte-se à corrente de oração.

Veja também