14 Яһуда елінің әкімі болып тағайындалған уақытымнан, яғни Артақсерікс патшаның билік құрған жиырмасыншы жылынан бастап, отыз екінші жылына дейінгі он екі жыл бойы, менің өзім де, ағайындарым да әміршіге халықтан тиесілі азық-түлікпен тамақтанған жоқпыз.5:14 5:18.15 Менен бұрын болған аймақ әміршілері халыққа алым-салықтың ауыр жүгін артқан еді. Олардан қырық мысқал күміс болатын салықтың үстіне тағы астық пен шарап талап ететін. Олардың қызметкерлері де халыққа үстемдік жасап, қанаушылықпен айналысты. Бірақ мен Құдайды терең қастерлейтіндіктен бұндай іс-әрекетпен шұғылданбадым. 16 Қайта, мен қала қабырғасын салуды қолдадым. Өзіме ешбір егістік жер сатып алмадым. Барлық қызметші жігіттерім қабырға басында жиналып, жұмысқа қатысты.
17 Айналамыздағы халықтардан келген қонақтарды санамағанда, мен жүз елу яһуди елдестерім мен қызметкерлерді өз дастарқанымнан тамақтандырып жүрдім. 18 Бір күннің тамағына бір өгіз бен таңдаулы алты қой-ешкі әрі бірнеше құс сойылып, дайындалатын. Он күнде бір рет әр түрлі ашытылған сусындардан да тұрағыма молынан әкелінетін. Осының бәріне қарамастан мен аймақ әміршісі ретінде маған тиесілі азық-түлікті елдің халқынан талап етпедім. Өйткені олардың мойнындағы жүк онсыз да ауыр болатын.
19 «Уа, Құдайым, осы халыққа жасаған қызметімді менің игілігіме ескере гөр!»