Pular para o conteúdo
Publicidade

Нақыл сөздер 10

Сүлейменнің таңдаулы нақыл сөздерінің жинағынан

Әділ жанның дана сөзі мен ісі жайлы

1 Сүлейменнің бірсыпыра нақыл сөздері:10:1 Сүлейменнің толық жинағы үш мың нақыл сөзді қамтыған (Пат3 4:32).

Ақылды бала — әкесінің сүйініші,

Ақылсыз бала — шешесінің күйініші.

2 Арам байлық пайдалы болмайды,

Ал әділдік ажалдан сақтайды.

3 Әділдің аш жүруіне Жаратқан жол бермес,

Зұлымның аңсағанын беруді Ол қош көрмес.

4 Жалқау қол жарлы қылар,

Іскер қол дәулетті қылар.

5 Жазда өнім жиған — ақылды бала,

Орақ кезінде ұйықтаған — арсыз бала.

6 Әділ жан жарылқауға ие болар,

Зұлымның аузы зорлығын жасырар.10:6 Немесе: зорлыққа толар.

7 Әділді есіне алған жұрт шүкір етер,

Ал зұлымның есімі құрып кетер.

8 Дана жан нұсқауды жылы қабылдар,

Надан өз сөзінен сүрініп құлар.

9 Таза жүрген аман жүрер,

Қисық жолдағы әшкереленер.

10 Көзін қысып белгі берген ыза келтірер,

Ал мылжың бос сөзінен жапа шегер.

11 Әділдің аузынан өмір қайнар,

Зұлымның аузы зорлығын жасырар.

12 Өшпенділік араздық туғызар,

Сүйіспеншілік бар күнәні жабар.10:12 Яғни кешірер (17:9; 28:13; Жыр 31:1,5).

13 Зерделінің аузынан даналық шығар,

Парасаттан бас тартқан жазасын тартар.10:13 13:24; 14:3; 22:8,15; 23:13,14; 26:3; 29:15.

14 Данышпан білімін сақтап қояр,

Ақымақ аузымен пәле шақырар.

15 Байдың қорғаны — өз байлығы,

Жарлының пәлесі — өз жоқшылығы.

16 Әділдің өнімі — өмірге,

Зұлымның табысы — күнәға.

17 Тәрбиеге мойынсұнған жан өмірге жол бастар,

Ал ескертуді елемейтін өзгені де азғырар.10:17 Немесе: Тәрбиеге мойынсұнған жан өмірге бағыт алған, ал ескертуді елемеген адам тура жолдан адасқан.

18 Қастығын жасырғанның тілі жалған,

Өсек-аяң таратқан — ақымақ жан.

19 Сөзуар құтыла алмас күнәдан,

Ал ақылды өз аузына ие болған.

20 Әділдің тілі — таңдаулы күміс,

Зұлымның ниеті — түкке тұрғысыз.

21 Әділдің тілі көпке ақыл берер,

Наданның зердесіздігі өз түбіне жетер.

Жаратқан Иені қастерлеу ғұмырды ұзартар

22 Жаратқанның жарылқауы адамды бай қылар,

Бұл байлыққа Ол қайғы-қасірет қоспас.10:22 Немесе: Адамның шеккен уайымы соған пайда қоспас.

23 Зердесізге зұлымдық ләззат,

Зерделіге даналық ләззат.

24 Арам жан қорыққанына тап болар,

Әділдің аңсағаны орындалар.

25 Құйын өтіп кетсе арамза ғайып болар,

Ал әділдің негізі мәңгі берік болар.

26 Қышқыл10:26 Яки: сірке суы. тіске, түтін көзге кесел,

Жалқау өзін жұмсағанға кесел.

27 Жаратқанды шын қастерлеу ғұмырды ұзартар,

Ал зұлымдардың ғұмыры қысқартылар.

28 Әділдің күткені шаттыққа апарар,

Зұлымның үміті құр бекер болар.

29 Жаратқанның жолы мінсіз жанға қорған болар,

Ал зұлымдық істеушінің үрейін ұшырар.

30 Әділ жан ешқашан шайқалмас,

Зұлым жан өз елінде тұра алмас.

31 Әділ жан даналықты шыңдай түсер,

Өтірікші лайықты жазасын шегер.10:31 Немесе: Ал өтірікшінің тілі кесілер. (Бұл айтылғандар тек ауыспалы мағынада ғана ниеттелген.)

32 Әділдің аузынан ізгі сөз шығар,

Арамзаның аузынан азғын сөз шығар.

Estes versículos te tocaram? Ore agora!

+581 estão orando agora.

Junte-se à corrente de oração.

Veja também