1 Саяқ жан қара басын ойлар,
Даналық атаулыға қарсы шығар.
2 Ақымақ парасатты жек көрер,
Өз ойын білдіруді жақсы көрер.
3 Зұлым өзімен асқақтық әкелер,
Ұятты қылыққа масқара ерер.
4 Адамның сөзі — тұңғиық судай,
Даналық көзі — тасқынды бұлақтай.
5 Соттау әділді, қолдау арамды —
Әділетсіз соттың қылығы.
6 Ақымақтың тілі жанжал туғызар,
Аузымен өзіне жаза тартқызар.
7 Өз аузы ақымақты ажалға бастар,
Өз тілі жанына тұзақ құрар.
8 Өсекшінің сөзі сондай дәмді,
Ішіңе кіріп, баурайды жан дүниеңді.
9 Жұмысына немқұрайды —
Ысырапшылдың18:9 Яки: бүлдірушінің. ағайыны.
10 Жаратқан Иенің есімі — мықты мұнара,
Бас сауғалаған әділге қауіпсіз пана.
11 Байдың байлығы алынбас қамалдай,
Өз қиялында заңғар дуалдай.
12 Адам құлар алдында асқақ болар,
Абыройы асар алдында кішіпейіл болар.
13 Тыңдамай жатып жауап қайтарған —
Масқара болатын ақылсыз жан.
14 Адамның қиналысына өз рухы төзер,
Ал рухы күйрегенге18:14 Яки: көңілі жабырқаңқыға (15:13; 17:22). кім дем берер?