Ізгі хабар — күнәкарларды құтқаратын құдірет
16 Мен Ізгі хабар үшін еш ұялмаймын, ол — Мәсіхке сенетін барлық адамдарды, алдымен яһудилерді, сондай-ақ басқа ұлт адамдарын да құтқаратын Құдайдың құдіреті!
17 Себебі Құдайдың адамдарды ақтау жолы мынадан білінеді: ол басынан аяғына дейін сенімді қажет етеді.1:17 Немесе: Себебі Құдайдың әділдігі мынадан аян: ол сеніммен басталып, одан да зор сенімге жеткізеді. Пайғамбарлар жазбаларында мына тәрізді сөздер бар ғой: Сенімі арқылы ақталған адам шынайы өмір сүреді.1:17 Немесе: «Әділ адам сенімі арқылы (яғни Маған сеніп) шынайы өмір сүреді» (Абқ 2:4).