22 Өздерін ақылдымыз деп жүріп, шын мәнінде ақымақ болып шықты. 23 Осылай олар мәңгі тірі Құдайдың ұлылығына табынудың орнына ажалды пенденің, құстың, төрт аяқты не бауырымен жорғалаушы жануардың мүсіндеріне құлшылық ететін болды.
24 Сондықтан да Құдай оларды көңілдері ынтыққан азғындықтың былығына батырып жіберді; осылай олар өз тәндерін өздері қорлауда. 25 Өйткені адамдар Құдай туралы шындықты мойындамай, жалған тәңірлерге сиынып келеді.1:25 Немесе: жалғандыққа сеніп келеді. Жаратушы Иеге бас ұрып ғибадат етудің орнына жаратылған нәрселерге құлшылық етеді. Ал Жаратушы Құдай мәңгілік мадақталуға лайық! Аумин.
26 Сол себептен де Құдай адамдарды өздерін қорлайтын құмарлықтарға батырып жіберді. Араларындағы кейбір әйелдер табиғи жыныстық қатынасты табиғи емес қатынаспен ауыстырды. 27 Дәл солай кейбір еркектер де әйелдерімен табиғи қатынасты қойып, бір-біріне құмарлықпен ынтығып, азғындық істейтін болды. Олар тура жолдан тайып кеткендіктерінің1:27 Яки: бұл адасудың (Леу 18:22; 20:13; Қор1 6:9). тиісті жазаларын өз бойларында тартып жатты.