12 Бұл жерде яһудилер мен басқа ұлттардың араларында айырмашылық жоқ, олардың жалғыз бір Жаратқан Иесі бар: Ол Өзіне сиынғандардың бәріне де шексіз рақымды. 13 Себебі: «Иеміздің атын атап Оған сиынған әркім құтқарылады» деп те жазылған.10:13 Жое 2:32.
14 (Енді былай деулерің де мүмкін:) «Олар Иемізге сенбесе, қалай Оған сиынады? Ол туралы естімесе, қалай сенеді? Оны ешкім уағыздамаса, қайдан естиді? 15 Ал Құдай жібермесе, қалай уағыздайды?» Пайғамбарлар жазбаларында мына тәрізді сөздер бар: (Татулық туралы) ізгі хабарды жеткізушілердің келгені қандай тамаша!10:15 Иш 52:7.
16 Бірақ Құдай Ізгі хабарды жіберген болса да, исраилдіктердің бәрі бірдей оған сенген жоқ, оны қабылдаған да жоқ. Осы туралы Ишая пайғамбар мынадай сөздер айтқан: Уа, Ием, біздің хабарымызға азғана кісілер сенді!10:16 Иш 53:1.17 Сонымен, сенім хабарды естуден келеді, ал естудің өзі Мәсіхтің сөзін10:17 Немесе: Құдай сөзін (Ізгі хабарды). жариялаудан болады.