Енді күнәға жоқ болып, Құдайға қызмет етіп жүрміз
1 «Бұдан қандай қорытынды шығады? (Құдай күнәларымызды кешіретіндіктен) Оның рақымы молайсын деп күнә жасай берейік пе?» 2 Жоқ, олай істеуге болмайды! Өлген адам күнә жасамайды ғой. Біз (сенушілер) де сол өлген адамдай күнәға жоқ болдық.6:2 Немесе: (Мәсіхпен бірге) өлгендіктен күнәлі құмарлыққа жоқ болдық. (Өлген адам күнә жасамайды; сол сияқты, азғырылуға ұшырағанда сенушінің күнәлі құмарлыққа берілмегені жөн: 6:10-13.) Қалайша бұдан былай күнә жасап өмір сүрмекпіз?!