Pular para o conteúdo
Publicidade

Римдіктерге хат 6

2 Жоқ, олай істеуге болмайды! Өлген адам күнә жасамайды ғой. Біз (сенушілер) де сол өлген адамдай күнәға жоқ болдық.6:2 Немесе: (Мәсіхпен бірге) өлгендіктен күнәлі құмарлыққа жоқ болдық. (Өлген адам күнә жасамайды; сол сияқты, азғырылуға ұшырағанда сенушінің күнәлі құмарлыққа берілмегені жөн: 6:10-13.) Қалайша бұдан былай күнә жасап өмір сүрмекпіз?! 3 Өздерің жақсы білесіңдер: Иса Мәсіхпен тығыз байланысқан бәріміз Онымен бірге рухани өлдік. Шомылдыру рәсімінен өткеніміз соны білдіреді.6:3 Яки: Иса Мәсіхпен тығыз байланысып, шомылдыру рәсімінен өткен бәріміз рухани тұрғыдан Онымен бірге өлдік (Ғал 2:19-20).4 Демек, Мәсіхпен тығыз байланысқанда біздер Онымен бірге рухани «өліп, жерлендік».6:4 Яки: Демек, шомылдыру рәсімінен өткеніміз біздің Мәсіхпен бірге рухани «өліп, жерленгенімізді» білдіреді (Қол 2:12). Сонымен, Құдай Әке Өзінің ұлы құдіретінің арқасында Мәсіхті өлімнен қайта тірілтіп, жаңа өмір бергендей, біз де енді жаңаша өмір сүруіміз керек!6:4 Яғни біз де енді күнә жасай беруімізді доғарып, таза өмір сүруіміз керек (6:9; 7:6; Қор2 5:17; Еф 4:23-24).

5 Себебі біз осылай рухани тұрғыдан Мәсіхпен бірге «өліп», күнәлі өмір салтымыздан біржола бас тартқан болсақ,6:5 Яки: Себебі біз Мәсіхпен тығыз байланысып, Оның өліміне ортақ болсақ. енді өлімнен қайта тірілген Мәсіхпен тығыз байланыста тұрып жаңаша өмір сүрейік! 6 Мынаны білеміз ғой: бұрын өзіміз кім болсақ, сол күнәкар болмысымыз Мәсіхпен бірге айқышта өлді. Осылай біздің күнә билеген болмысымыз күшінен айырылды, сондықтан енді күнәнің құлы емеспіз! 7 Өйткені адам өлгенде күнәнің билігінен босатылады.

Estes versículos te tocaram? Ore agora!

+581 estão orando agora.

Junte-se à corrente de oração.

Veja também