Күнәнің құлдығынан азат етуші — Киелі Рух
1 Енді Иса Мәсіхпен тығыз байланыстағы адамдарға Құдай жазалау үкімін шығармайды. (Олар өздерінің ескі күнәкар болмысының емес, Құдайдың Киелі Рухының қалауына сай өмір сүреді.) 2 Себебі Иса Мәсіхпен тығыз байланыстырып, жаңа өмір сыйлаған Киелі Рух мені күнәлі құмарлық пен рухани өлімнің күштеуінен азат етті.8:2 Яки: Себебі Мәсіх Исадағы өмір Рухының заңдылығы мені күнә мен өлімнің заңдылығынан босатты.