Pular para o conteúdo
Publicidade

Римдіктерге хат 8

15 Сендер өздеріңді құл етіп, қайтадан қорқытып жүретін рухты емес, Құдайдың рухани баласы еткен Киелі Рухты қабылдадыңдар. Ол арқылы біз Тәңір Иеге сиынғанда «Әке, Әке!»8:15 Немесе: «Абба, Әке!» («Абба» сөзі көне арамей тілінде «әкетай» дегенді білдіреді.) деп шақырамыз. 16 Киелі Рух Құдайдың рухани баласы екенімізді өз рухымызға8:16 Яки: ішкі дүниемізге. Немесе: өз рухымызбен бірге (Қор2 1:21-22; Жох 1:12; 3:3,8,16; 16:23,27; Жох1 3:1,10). растайды. 17 Рухани баласы болғандықтан, Оның бізге дайындап қойған мәңгілік игіліктеріне де ие боламыз: Құдай Мәсіхке сыйлағандары іспетті игіліктерді бізге де сыйламақ.8:17 Немесе: баласы болғандықтан, Құдайдан «еншімізді» (яки «мұрамызды») қабылдап, Мәсіхпен «еншілес» боламыз (Еф 1:11,14; 3:6). Егер Мәсіхтің жолында жүріп, азабына ортақ болсақ, Оның салтанатты ұлылығына да ортақ болып, сол игіліктерді қабылдаймыз.

Estes versículos te tocaram? Ore agora!

+581 estão orando agora.

Junte-se à corrente de oração.

Veja também