20 Сонда ол:
— Мені Нағима («Бақытты») емес, Мара1:20 Түпнұсқадағы «Мара» сөзінің «ащы, қайғылы» деген мағыналары бар (Мыс 15:23). («Қайғылы») деп атаңдар, — деді. — Себебі құдіреті шексіз Құдай маған қайғылы өмір бұйырды. 21 Бұл жерден үй ішіміз түгел аттанған едік, ал енді Жаратқан Ие менің жалғыз қара басымды ғана қайтарып отыр. Сендер мені несіне «Бақытты» деп атайсыңдар? Жаратқан Ие маған қарсы шығып, құдіреті шексіз Құдай басыма бақытсыздық түсірді ғой.