3 Мініс атын өз еркімізге көндіру үшін жай ғана ауыздық салып, бүкіл денесін бағындырып, бағыттаймыз. 4 Немесе мысалға теңіз кемесін алайық. Ол қаншама үлкен болса да, күшті желмен ыққанда өте кішкентай тұтқасымен3:4 Яки: кішкентай штурвалымен. басқарылып, оны ұстап тұрған кісінің қалаған бағытына жүреді. 5 Сол сияқты, тіл де дененің кішігірім мүшесі бола тұра, ғаламат нәрселермен мақтанады.
От ұшқыны қаншама майда болса да, қалың орманды өртеп жібере алады! 6 Тіл де от іспетті, әділетсіздік тудырғыш.3:6 Немесе: әділетсіздік әлемі (Мар 7:20-23). Дене мүшелерінің арасында орналасқан ол бүкіл денемізді арамдап, өзі тозақ отынан тұтанып, бар өмірімізді де өртеп, құрта алады.3:6 Мат 5:22; Жох 8:44.
7 Әр түрлі аңдар мен құстарды, бауырымен жорғалаушылар мен теңіз жануарларын адам өз еркіне бағындырып келді және бағындыруда.3:7 Жар 1:28; 2:19; 9:2; Жыр 8:4-8.8 Алайда адамдардың ешқайсысы да өз тілін бағындыра алмайды! Тіл — бағынуға көнбейтін жаман нәрсе, кісі өлтіретін уға толы.