1 Ендеше, араларыңдағы қастастық пен дау-жанжал қайдан шығады? Бойларыңдағы соғысып жатқан арам құмарлықтарыңнан туады емес пе?4:1 1:14; 4:3; Тит 3:3.2 Сендер бір нәрсені аңсап, иемдене алмайсыңдар; сонда кісі өлтіретіндей жек көріп,4:2 5:5-6; Мат 5:21-22; Жох1 3:15. қызғанасыңдар, алайда аңсаған нәрселеріңе қол жеткізе алмайсыңдар. Жанжалдасып, төбелесесіңдер, бәрібір иемденбейсіңдер, өйткені оны Құдайдан сұрамайсыңдар. 3 Сұрасаңдар да, ие бола алмайсыңдар, себебі ізгі ниетпен емес, арам құмарлықтарыңды қанағаттандыру үшін сұрайсыңдар.
Құдайға шын жүректен мойынсұнып, бір-бірін жамандамау жайлы
4 Әй, опасыздар! Осы күнәкар дүниемен достасу Құдайға қастық екенін білмейтін бе едіңдер? Осы дүниемен дос болғысы келген әркім Құдайдың жауына айналады. 5 Киелі жазбадағы мынадай сөздер бекер айтылды деп санайсыңдар ма: Өмірімізден орын алған Құдайдың Рухы жалғыз Құдайды ғана сүйіп, Оған түгелдей бағышталуымызды аңсайды.4:5 (Мыс 20:5; 34:14; Қор1 6:19; Ош 2:19-21; Қор2 11:2; Еф 5:26-27) Немесе: Құдай бізге (өмір беретін) рухты қондырғандықтан (Жар 2:7) оның тек Өзіне ғана бағышталуын аңсайды. Яки: Бойымызды мекендейтін рух басқаларды қызғаныштан көре алмайды (Уағ 4:4; Елш 7:9; Рим 1:29).6 Ал Тәңір Ие бізге (арам құмарлықтарға қарсы тұруға) рақымын молынан сыйлайды. Сол себептен де Киелі жазбаларда мынадай сөздер бар: Құдай тәкаппарларға қарсылық жасайды, «ал езілген кішіпейілдерге рақымын сыйлайды».4:6 Пет1 5:5; Нқл 3:34.7 Сонымен, Құдайға мойынсұныңдар!
Әзәзіл шайтанға қарсы тұрыңдар, сонда ол сендерден қашып кетеді.4:7 Мат 4:3-11; Пет1 5:8-9; Еф 4:27; 6:11-12.
8 Құдайға жақындаңдар, сонда Ол да сендерге жақындайды. Ей, күнәкарлар, қолдарыңды жамандық атаулыдан жуып тазартыңдар! Ей, екіойлы табансыздар, жүректеріңді орнықтырыңдар! 9 Өкініп, зар еңіреп жылаңдар, күлкілерің қайғыға, қуаныштарың қасіретке айналсын! 10 Жаратқан Иенің алдында бой ұсыныңдар, сонда Ол сендерді жоғарылатпақ.
11 Қымбатты бауырластар, бір-біріңді жамандап қорлауды доғарыңдар! Бауырластарыңды жамандағандарың не үкімдегендерің — (Иеміздің сүйіспеншілік туралы) өсиетін4:11 2:8,12; Мат 7:1-5; Рим 14:4; Жох 15:12-13. қорлап үкімдегендерің. Ал өсиетті үкімдегенде оны орындаушы емес, соттаушы болып шығасыңдар. 12 Өсиеттерді4:12 Яки: Таурат заңын (Мыс 20:1-17; Мат 5:21-48; 25:31-46; Аян 19:11-12). шығарушы да, соттаушы да — Біреу-ақ. Ол құтқара да, құрта да алады. Маңайыңдағыларды үкімдейтін соншама сен кімсің?
Өз бетімен жоспарлап, өткінші байлыққа сүйенуден сақтандыру
13 «Біз бүгін-ертең пәлен қалаға барып, сонда бір жыл тұрып, сауда жасап, олжаға батамыз» дейтіндерің құлақ түріңдер: 14 сендер тіпті күні ертең не болатынын білмейсіңдер!4:14 5:1; Нқл 27:1; Лұқ 12:18-20. Өмірлерің неге ұқсас? Ол әншейін аз уақытқа көрініп, кейін ғайып болатын бу іспетті емес пе?4:14 Әйүп 7:7; Жыр 38:5-6; 101:4; 143:4.15 Оның орнына «Иеміз бұйыртса, аман болсақ, біз мынаны істейміз, не ананы істейміз» дегендерің дұрыс. 16 Ал сендер паңданып мақтанасыңдар. Мұндай даңққұмарлық4:16 Яки: мақтанушылық. атаулы жаман.
17 Кім жасауға тиісті жақсылықты біле тұра жасамаса, сол күнәлі.4:17 Лұқ 12:47; Жох 9:41; Пет2 2:21.