Pular para o conteúdo
Publicidade

Забур жырлары 138

Барлығын көріп, барлығын білетін Жаратқан Ие

1 (Ән-күйдің жетекшісіне арналған Дәуіттің жыры.)

Уа, Жаратқан Ие, мені сынап тексердің,

Сен мені толығынан танып білесің:

2 Отырғаным, тұрғаным да Саған аян,

Ойларымды біліп, ұғасың алыстан.

3 Жүрейін не демалайын, көз алдыңдамын,

Жолдарымның барлығы да Саған айқын.

4 Сөз шықпай тұрып-ақ менің аузымнан

Оны толық білесің, уа, Жаратқан!

5 Алды-артымнан жүресің мені қоршап

Құдіретті қолыңды үстімде ұстап.

6 Біліміңді ұға алмаймын ешқашан,

Ол қол жеткізбес биік те ғажап маған!

7 Сенің Рухыңнан мен қайда қашпақпын?

Көз алдыңнан қайда жасырынбақпын?

8 Көкке көтерілсем, сол орындасың,

Тұңғиыққа138:8 Немесе: О дүниеге. түссем де, Сен сондасың.

9 Таң шапағына қалықтап ұшсам да,

Не теңіздің ар жағына138:9 Таң шапағы: Күншығыс. Теңіздің ар жағы: Жерорта теңізінің алыстағы батыс жағалауы (Жүн 1:3). қонсам да,

10 Сол жерде де мені қолың жетелеп,

Құдіретті қолың ұстайды демеп.

11 Мен: «Қараңғылық мені тасаласын,

Айналамдағы жарық түнекке айналсын!»

12 Десем де, түнек жасырмайды Сенен,

Саған күндей нұрлы — түннің өзі де,

Жарықтай айқын — түнек те көзіңе!

13 Сен іш құрылысымды қалыптастырдың,

Ана құрсағында мені жараттың.138:13 Немесе: Сен ішкі дене мүшелерімді жаратып, анамның құрсағында «тоқып» біріктірдің.

14 Тамаша жаралдым, Сені мадақтаймын,

Керемет ғажап — жасаған істерің,

Мұны мен шын жүректен мойындаймын.

15 Мен ана құрсағында қалыптастым,

Құпия жерде жатқанда жаратылдым,

Сенен таса болмады сонда сүйектерім,

16 Ұрық күйімде мені көзіңмен көрдің.

Сен маған бұйырған күндердің бірі

Әлі де тумас бұрын, солардың бәрі

Кітабыңда жазулы тұрған еді.

17 Сенің ойларың маған тым жоғары,

Уа, Құдай, қанша көп олардың саны!

18 Санап шықсам барлық ойларыңды,

Құм қиыршықтарынан көп болады!

Бірақ оянған кезде әрдайым мен138:18 Немесе: Бірақ қайта тірілген кезде де мен.

Бірге боламын әлі де Өзіңмен.

19 Уа, Құдай, зұлымдарды жазалай гөр,

Аулақ кетіңдер менен, қанішерлер!

20 Олар Сен жайлы арамдық айтады,

Дұшпандарың атыңды құр қолданады.138:20 Немесе: Жауларың құр босқа Саған қарсы шығады.

21 Сені жек көріп, қарсы шыққан жауларың

Қалай маған жексұрын, жиренішті болмасын?

22 Жан-тәніммен жақтырмаймын соларды,

Олар нағыз дұшпандарыма айналды.

23 Уа, Құдай, жүрегімнің түкпірлерін тексере гөр,

Мені мазалаған ойларымды біле гөр,

24 Қауіпті жолдамын ба, сынай көрсеңші,

Мәңгілік өмір жолымен мені жүргізсеңші!

Todos os capítulos de Забур жырлары 150
  1. 1
  2. 2
  3. 3
  4. 4
  5. 5
  6. 6
  7. 7
  8. 8
  9. 9
  10. 10
  11. 11
  12. 12
  13. 13
  14. 14
  15. 15
  16. 16
  17. 17
  18. 18
  19. 19
  20. 20
  21. 21
  22. 22
  23. 23
  24. 24
  25. 25
  26. 26
  27. 27
  28. 28
  29. 29
  30. 30
  31. 31
  32. 32
  33. 33
  34. 34
  35. 35
  36. 36
  37. 37
  38. 38
  39. 39
  40. 40
  41. 41
  42. 42
  43. 43
  44. 44
  45. 45
  46. 46
  47. 47
  48. 48
  49. 49
  50. 50
  51. 51
  52. 52
  53. 53
  54. 54
  55. 55
  56. 56
  57. 57
  58. 58
  59. 59
  60. 60
  61. 61
  62. 62
  63. 63
  64. 64
  65. 65
  66. 66
  67. 67
  68. 68
  69. 69
  70. 70
  71. 71
  72. 72
  73. 73
  74. 74
  75. 75
  76. 76
  77. 77
  78. 78
  79. 79
  80. 80
  81. 81
  82. 82
  83. 83
  84. 84
  85. 85
  86. 86
  87. 87
  88. 88
  89. 89
  90. 90
  91. 91
  92. 92
  93. 93
  94. 94
  95. 95
  96. 96
  97. 97
  98. 98
  99. 99
  100. 100
  101. 101
  102. 102
  103. 103
  104. 104
  105. 105
  106. 106
  107. 107
  108. 108
  109. 109
  110. 110
  111. 111
  112. 112
  113. 113
  114. 114
  115. 115
  116. 116
  117. 117
  118. 118
  119. 119
  120. 120
  121. 121
  122. 122
  123. 123
  124. 124
  125. 125
  126. 126
  127. 127
  128. 128
  129. 129
  130. 130
  131. 131
  132. 132
  133. 133
  134. 134
  135. 135
  136. 136
  137. 137
  138. 138
  139. 139
  140. 140
  141. 141
  142. 142
  143. 143
  144. 144
  145. 145
  146. 146
  147. 147
  148. 148
  149. 149
  150. 150

Estes versículos te tocaram? Ore agora!

+581 estão orando agora.

Junte-se à corrente de oração.