Pular para o conteúdo
Publicidade

Забур жырлары 113

Халқын азат етіп, жарылқаған Құдайды даңқтау

1 Исраил көшіп шыққанда Мысырдан,

Жақыптың әулеті сол бөтен тілді жұрттан,

2 Яһуда елі Құдайдың киелі үйіне

Айналды, Исраил113:2 Демек, Солтүстік Исраил елі (Пат3 12:20). де — Оның иелігіне.

3 Сонда теңіз көріп, қаша жөнелді,

Иордан өзені кері бұрылды,

4 Таулар қошқар іспетті секірді,

Төбелер қозы іспетті секектеді.

5 Уа, теңіз, сен неге қаша жөнелдің?

Уа, Иордан, сен неге кері бұрылдың?

6 Таулар, қошқардай неге секірдіңдер?

Төбелер, қозыдай неге секектедіңдер?

7 Жер, дірілде Жаратқанның алдында,

Жақып сиынған Құдайдың алдында.

8 Құдай жартасты айналдырды көлге,113:8 (Мыс 17:6; Рул 20:11) Яки: суға толы тоғанға.

Дәу шақпақ тасты атқылаған су көзіне.

9  113:9 Бірнеше шетел тілдеріндегі аудармаларда осы аятпен 115-жыр басталады. Біздің емес, уа, Жаратқан, тек Сенің атың

Рақымың мен адалдығың үшін даңқталсын!

10 «Қайда екен сиынған Құдайы бұлардың?»

Деп басқа халықтар неге табаласын?113:10 78:1-10.

11 Ал сиынған Құдайымыз заңғар көкте,

Ол барлық қалауын асырады іске.

12 Өзге ұлттардың пұттары113:12 Яғни жалған тәңірлерінің мүсіндері (134:15; Иш 24:14-19). күміс, алтыннан,

Адамдардың қолдарымен жасалған.

13 Пұттың аузы бар, бірақ сөйлей алмайды,

Көздері бар, бірақ көре алмайды,

14 Құлақтары бар, бірақ ести алмайды,

Мұрны бар, бірақ иіс білмейді,

15 Қолдары бар, бірақ сезе алмайды,

Аяқтары бар, бірақ жүре алмайды,

Көмейінен бір дыбыс та шықпайды.

16 Өлі пұтты жасаған пенде соған ұқсайды,

Мүсінге сенген әркім де содан аумайды.

17 Уа, Исраилдің бүкіл әулеті,

Сенім артыңдар Жаратқан Иемізге!

Қалқандай қорғап, қолдайды Ол біздерді.

18 Уа, Һаронның бүкіл әулеті,

Сенім артыңдар Жаратқан Иемізге!

Қалқандай қорғап, қолдайды Ол біздерді.

19 Уа, қастерлейтіндер Иемізді,

Сенім артыңдар Жаратқан Иемізге!

Қалқандай қорғап, қолдайды Ол біздерді.

20 Жаратқан Ие бізді есінде ұстайды,

Иә, Иеміз біздерді жарылқайды,

Ол Исраилдің әулетін жарылқайды,

Һәм Һаронның ұрпақтарын жарылқайды.

21 Жаратқан Өзін қастерлейтін жандарды —

Үлкенді-кішілі бәрін де жарылқайды.

22 Өздерің мен ұрпақтарыңның сандарын

Жаратқан Ие ұдайы ұлғайтсын.

23 Аспанды да, жерді де жаратқан

Иеміз өздеріңді жарылқаған.113:23 Яки: жарылқасын.

24 Заңғар көк — Жаратқанның иелігі,

Ал жер бетін Ол адамзатқа берді.

25 Өлілер Жаратқанды дәріптемес,

Қабірде жатқандар үндемес,

26 Ал біз паш етеміз Иеміздің игілігін

Қазіргі кезден мәңгілікке дейін.

Жаратқан Ие дәріптеле берсін!

Todos os capítulos de Забур жырлары 150
  1. 1
  2. 2
  3. 3
  4. 4
  5. 5
  6. 6
  7. 7
  8. 8
  9. 9
  10. 10
  11. 11
  12. 12
  13. 13
  14. 14
  15. 15
  16. 16
  17. 17
  18. 18
  19. 19
  20. 20
  21. 21
  22. 22
  23. 23
  24. 24
  25. 25
  26. 26
  27. 27
  28. 28
  29. 29
  30. 30
  31. 31
  32. 32
  33. 33
  34. 34
  35. 35
  36. 36
  37. 37
  38. 38
  39. 39
  40. 40
  41. 41
  42. 42
  43. 43
  44. 44
  45. 45
  46. 46
  47. 47
  48. 48
  49. 49
  50. 50
  51. 51
  52. 52
  53. 53
  54. 54
  55. 55
  56. 56
  57. 57
  58. 58
  59. 59
  60. 60
  61. 61
  62. 62
  63. 63
  64. 64
  65. 65
  66. 66
  67. 67
  68. 68
  69. 69
  70. 70
  71. 71
  72. 72
  73. 73
  74. 74
  75. 75
  76. 76
  77. 77
  78. 78
  79. 79
  80. 80
  81. 81
  82. 82
  83. 83
  84. 84
  85. 85
  86. 86
  87. 87
  88. 88
  89. 89
  90. 90
  91. 91
  92. 92
  93. 93
  94. 94
  95. 95
  96. 96
  97. 97
  98. 98
  99. 99
  100. 100
  101. 101
  102. 102
  103. 103
  104. 104
  105. 105
  106. 106
  107. 107
  108. 108
  109. 109
  110. 110
  111. 111
  112. 112
  113. 113
  114. 114
  115. 115
  116. 116
  117. 117
  118. 118
  119. 119
  120. 120
  121. 121
  122. 122
  123. 123
  124. 124
  125. 125
  126. 126
  127. 127
  128. 128
  129. 129
  130. 130
  131. 131
  132. 132
  133. 133
  134. 134
  135. 135
  136. 136
  137. 137
  138. 138
  139. 139
  140. 140
  141. 141
  142. 142
  143. 143
  144. 144
  145. 145
  146. 146
  147. 147
  148. 148
  149. 149
  150. 150

Estes versículos te tocaram? Ore agora!

+581 estão orando agora.

Junte-se à corrente de oração.