Pular para o conteúdo
Publicidade

A última palavra vem do Senhor

Por Bíblia Online

A última palavra pertence ao Senhor. Os planos do homem estão sujeitos à soberania de Deus. Ele rege toda a história e nenhum de seus propósitos pode ser frustrado.

Әділдік пен ынтымақты Жаратқан Ие жақтырар

Адам жүрегінде жоспар құрар,

Ал соның жауабы Жаратқаннан болар.

Жаратқан Ие бәрін де өз мақсатына сай жасар,

Арамзаны Ол апатты күнге қалдырар.

Құдай өтірік айтатын пенде емес,

Ойын өзгерте беретін адам да емес.

Ол айтса, сонысын іске асырмай ма,

Әлде сөз беріп, онысын орындамай ма?

Жаратқан Ие Мұсаға жауап қатып:

— Немене, бұлай істеу Жаратқан Иенің қолынан келмейді деп ойлайсың ба? Айтқан сөзімнің іске асып-аспайтынын қазір көретін боласың, — деді.

Менің аузымнан шыққан сөзім де соған ұқсайды: ол нәтиже берместен Өзіме қайта оралмайды. Керісінше, Менің сөзім еркімді толық орындап, көздеген мақсаттарымды жүзеге асырады».

— Мен, Жаратқан Ие, күллі адамзат атаулының Құдайымын. Қолымнан келмейтін іс бар ма?

— Сенің барлық нәрсені де істей алатыныңды енді білдім. Ешбір ниетіңді тоқтату мүмкін емес.

Жер бетін теңіз суынан жоғары орнатты,

Рақымы Оның мәңгіге ұласады,

Бүкіл әлем жаратылмай тұрғанда-ақ Ол бар болатын, бәрін аман сақтайтын да — Сол.

Аспан мен жер жойылатын болады, бірақ Менің сөздерім еш жойылмайды.

Міне, Менің алдын ала айтқан сот күнім келе жатыр! — деп ескертеді Жаратушы Тәңір Ие. — Сонда бұлардың бәрі де жүзеге асады!

сендер тіпті күні ертең не болатынын білмейсіңдер! Өмірлерің неге ұқсас? Ол әншейін аз уақытқа көрініп, кейін ғайып болатын бу іспетті емес пе?Оның орнына «Иеміз бұйыртса, аман болсақ, біз мынаны істейміз, не ананы істейміз» дегендерің дұрыс.

Seja o primeiro

Este artigo te tocou? Faça uma oração!

+581 estão orando agora.

Junte-se à corrente de oração.