Pular para o conteúdo
Publicidade

Ишая 55

Мұқтаждарды игілікті өмірді иемденуге шақыру

1 «Ей, шөлдегендер, бәрің су көздеріне келіңдер! Ақшасы жоқтар да, келіп, тамақ алып жеңдер! Иә, келіп, шырын55:1 Яки: шарап. (Сол заманда әдеттегі шарап қымызға ұқсас құрамында алкоголь аз болатын. Жұрт оны тамақпен бірге ішетін.) мен сүтті ақша төлемей-ақ тегін алыңдар! 2 Нәрсіз тамақ үшін неге ақша төлейсіңдер? Өздеріңді қанағат қылмайтын нәрселер үшін неге еңбек етесіңдер? Мені мұқият тыңдап, рухани нәрді қабылдаңдар, ағыл-тегіл жақсылықтан жан рақатын табыңдар! 3 Маған жақындап, айтқандарыма құлақ түріңдер! Сонда шынайы өмірге ие боласыңдар. Сендермен мәңгілік Келісім жасамақпын. Кезінде Дәуітке уәде еткен мызғымас рақымымды енді өздеріңе көрсетпекпін.55:3 9:7; 54:10; Пат2 7:4-16.4 Еске алыңдар, Мен Дәуіт55:4 Яки: Дәуіттің ұрпағы (42:6; 49:6; Пат1 13:14; 25:30). арқылы халықтарға құдіретімді паш еттім, Дәуітті соларға көсем әрі билеуші болуға тағайындадым. 5 Сион, сен де бұрын білмеген халықтарды шақырасың. Өзіңді танымаған ұлттар саған келуге асығатын болады.55:5 2:2-4; 45:14. Себебі Мен, сенің Құдайың Жаратқан Ие, Исраилдің Киелі Құдайы, осыларды іске асырып, сені салтанатты ұлылыққа бөлемекпін». 6 Әлі кеш болмай тұрғанда Жаратқан Иеге бет бұрып, мойынсұныңдар! Иеміз құлақ салуға дайын тұрған осы кезде Оған сиынып жалбарыныңдар! 7 Азғын адам теріс жолынан қайтып, әділетсіз жан өз ойларынан бас тартсын! Бәрі Жаратқан Иеге бет бұрсын, сонда Иеміз мейірімділік танытады. Олар Құдайымызға қайта оралсын, өйткені Ол жомарттықпен кешіреді.55:7 1:18; 43:25; 44:22.

8 Жаратқан Ие: «Менің ойым сендердің пікірлеріңнен өзге, Менің жолым сендердікінен басқа, — деп ескертеді. 9 — Аспанның жерден қаншама жоғары болатынындай, Менің жолым да сендердікінен соншама жоғары, Менің ойым да пікірлеріңнен тым биік.

10 Аспаннан жауған жаңбыр мен қар аспанға бекер қайта оралмайды. Керісінше, олар жерді суарып, көгертіп, дақылдарды өсіріп шығарады да, диқанға себуге тұқым, халыққа жеуге нан береді. 11 Менің аузымнан шыққан сөзім55:11 Яки: бұйрығым. де соған ұқсайды: ол нәтиже берместен Өзіме қайта оралмайды. Керісінше, Менің сөзім еркімді толық орындап, көздеген мақсаттарымды жүзеге асырады».

12 Сондықтан сендер зор қуанышпен тұтқыннан босап шығып, жолдарыңда аман-есен жетеленетін боласыңдар. Тау-төбелер алдарыңда ән шырқап, даладағы күллі ағаштар сендерге қол соқпақ. 13 Тікенді бұта орнына қарағайлар55:13 Немесе: кипарис ағаштары. өсіп, қалақай орнын жұпар иісті жасыл бұталар басады.55:13 (41:19) Немесе: жантақ орнын мирта бұталары басады. Бұл керемет іс Жаратқан Иенің даңқын асыратын, мәңгі өшпейтін белгі болады».

Estes versículos te tocaram? Ore agora!

+581 estão orando agora.

Junte-se à corrente de oração.

Veja também