Adoração
A adoração é a resposta do coração humano à majestade de Deus. Deus é Espírito e importa que os que o adoram o adorem em espírito e em verdade — com todo o ser.
Adorar em espírito
Deus é Espírito e importa que os adoradores o adorem em espírito e em verdade. A adoração verdadeira brota do coração.
Құдайдың Өзі — Рух. Сондықтан Оған сиынатындар Оның Рухына кенеліп, шындықпен сиынуға тиіс. —
Нағыз сиынушылардың Құдайдың Рухына кенеліп, Әкеге шындап мойынсұнып сиынатын уақыты болады, ол тіпті жетіп те қалды: Әке Өзіне осылай мойынсұнып сиынушыларды қалайды. Құдайдың Өзі — Рух. Сондықтан Оған сиынатындар Оның Рухына кенеліп, шындықпен сиынуға тиіс. —
Иса оған былай деді:
— Айтқаныма илан: көктегі Әкеге не осы таудың басында, не Иерусалимде сиынбайтын замандарың келе жатыр. Сендер өздерің білмейтін Біреуге табынып келесіңдер, ал біз Кімге ғибадат етіп жүргенімізді білеміз, өйткені Құдай яһудилер арқылы адамзатты құтқармақ.Нағыз сиынушылардың Құдайдың Рухына кенеліп, Әкеге шындап мойынсұнып сиынатын уақыты болады, ол тіпті жетіп те қалды: Әке Өзіне осылай мойынсұнып сиынушыларды қалайды.
— Ием, Сізге сенем! — деп, әлгі адам Оның аяғына жығылды.
Сонда Иса оған былай деп жауап қайтарды:
— Кет қасымнан, шайтан! «Құдай Иеңді терең қастерлеп, жалғыз Оған ғана қызмет ет!» деп (Тауратта) жазылған ғой!
Иса оған былай деп жауап қатты:
— (Кет қасымнан, шайтан!) «Құдай Иеңді терең қастерлеп, жалғыз Оған ғана қызмет ет!» деп (Тауратта) жазылған ғой!
Өмірлеріңді Құдайға бағыштаңдар
Сонымен, бауырластарым, бізге осындай мол мейірімін төккені үшін өздеріңді Құдай жолына арнауға шақырамын. Өмірлерің Құдайға ұнамды, толықтай бағышталған, тірі құрбандықтай болсын: Оған лайықты рухани қызмет көрсетулерің осы болады.
Өмірлеріңді Құдайға бағыштаңдар
Сонымен, бауырластарым, бізге осындай мол мейірімін төккені үшін өздеріңді Құдай жолына арнауға шақырамын. Өмірлерің Құдайға ұнамды, толықтай бағышталған, тірі құрбандықтай болсын: Оған лайықты рухани қызмет көрсетулерің осы болады. Бұл күнәкар дүниенің өмір сүру салтын үлгі етпеңдер, қайта, ой-тілектерің Құдайдың жаңартуымен түбегейлі өзгерсін! Осылай сендер Оның еркін — ненің игілікті, ұнамды және кемелді екенін ажырата білетін боласыңдар.
Себебі әлемнің бәрі де Құдайдан,
Ол арқылы, Ол үшін пайда болған.
Лайым Құдай мадақталсын әрқашан! Аумин.
(Ишая пайғамбардың жазбасында) мынадай сөздер жазылған: Мәңгі тірі Жаратқан Ие былай дейді: Менің алдымда әрбір адам тізе бүгіп, тіл біткен әр пенде Құдай екенімді мойындайтын болады деп өз атыммен ант етемін.
Louvor e reverência
Vinde, adoremos e prostremo-nos. Louvai ao Senhor! Todo ser que respira louve o nome glorioso do Senhor.
Сән-салтанат, ұлылық Оның алдында,
Құдірет пен әсемдік киелі тұрағында.
Сән-салтанат, ұлылық Оның алдында,
Құдірет пен әсемдік киелі тұрағында.
Жаратқан Иемізді ән-күймен мадақтаңдар!
Мадақтаңдар Құдайды киелі үйінде,
Мадақтаңдар Құдіреттіні көкте де!
Мадақтаңдар Оны керемет істері үшін,
Мадақтаңдар Оны зор ұлылығы үшін!
Мадақтаңдар Оны үніменен кернейдің,
Мадақтаңдар Оны жетігенмен, домбырамен!
Мадақтаңдар Оны даңғырамен, билеріңмен,
Мадақтаңдар Оны қобызбен, сыбызғымен!
Мадақтаңдар Оны сылдырмақтың сыңғырымен,
Мадақтаңдар Оны дауылпаздың даңғырымен!
Жаны барлар түгелдей мадақтасын Иемізді!
Лайым мадақтаңдар Жаратқан Иені!
Жаны барлар түгелдей мадақтасын Иемізді!
Лайым мадақтаңдар Жаратқан Иені!
Азғын жүректіні қасымнан қуамын,
Зұлымдық атаулыдан аулақ боламын,
Уа, Жаратқан, даңқыңды асырамын,
Сен мені шыңыраудан алып шықтың,
Жауларыма мені табалатпадың.
Құдайдан бар халықтарды жарылқауын сұрау
(Ән-күйдің жетекшісіне арналған, ішекті аспаптардың сүйемелдеуімен айтылатын жыр әрі ән.)
Я, Құдай, рақымды болып, жарылқай гөр,
Бет-жүзіңнің нұрын бізге түсіре гөр.
Бүкіл жер бетінде Сенің жолың мәлім болсын,
Барлық халықтарға құтқаруың аян болсын!
Уа, Құдай, халықтар Сені мадақтай берсін,
Күллі ұлттар Өзіңе мақтау айта берсін!
Құдайдың жаратылысқа қамқорлық жасауы
Жан-тәніммен Жаратушыны мадақтаймын.
Уа, Құдай Ием, Сен керемет ұлысың,
Құрмет пен салтанатқа бөленгенсің.
Тұрақсыз халқының Құдайдан кешірім сұрауы
Мадақтаңдар Жаратқан Иені!
Жаратқан Ие ізгі, мақтаңдар Оны,
Мәңгі ұласады берік рақымы!
Залым жаудан құтқарушы — Құдай Тағала
(Ән-күйдің жетекшісіне арналған Дәуіттің жыры.)
Зұлымның астыртын әрекетінен
Қорғап әрі залымның бүлігінен.
Тілдерін олар семсердей өткірлеген,
Көздеп тұр жебедей өткір сөздерімен.
Declarações de adoração
Tu és digno, Senhor, de receber glória e honra! Ao Senhor pertence a grandeza, o poder, a glória e a majestade.
«Уа, Құдай Иеміз, Сен даңқ пен ұлылыққа, құрмет пен билікке лайықсың! Өйткені бүкіл әлемді жаратқан Өзіңсің; Сенің еркіңмен ол жаратылды және бола да береді».
Сол ерекше періште қатты дауыспен:
— Құдайды терең қастерлеп, даңқтаңдар, Оның ұлылығын дәріптеп мадақтаңдар! Себебі Оның адамзатты соттайтын уақыты туды. Көк пен жерді, теңіз бен су көздерін жаратқан Құдайға бас ұрып ғибадат етіңдер! — деп жар салды.
Уа, Жаратқан Ие, кім Сенен қорықпас,
Есіміңнің ұлылығын кім даңқтамас?
Сен ғана толықтай қасиеттісің!
Бар ұлттар келмек алдыңа Өзіңнің,
Бас ұрып мақтайды даңқыңды Сенің,
Себебі ашылды әділ үкімдерің!»
Мен, Жохан, осыларды естіп, көрдім. Естіп, көріп жатқан кезде мен оларды көрсеткен періштенің аяғына бас ұрмақ болып жығылдым. Алайда ол: «Бұлай істеме! Мен өзіңмен, саған бауырлас пайғамбарлармен және осы кітаптағы сөздерге мойынсұнатындармен бірге қызмет етушімін. Құдайға бас ұрып ғибадат ет!» — деді.
Уа, Жаратқан Ие, Саған тән — ұлылық,
Құдірет, салтанат, жеңіс пен нұрлылық!
Меншігің — көк пен жердегілер барлық!
Һәм Сенікі, уа, Иеміз, патшалық
Әрі баршаға деген басшылық!
Жаратқан Ие ізгі, мақтаңдар Оны,
Мәңгі ұласады берік рақымы!
Оған былай деп мінажат етіңдер:
«Құтқарушымыз Құдай, аман сақтай гөр,
Басқа ұлттардан бізді босатып жинай гөр!
Сонда дәріптейміз киелі атыңды,
Қуана мақтан тұтамыз ұлы даңқыңды».
Исраилдің Құдай Иесі мадақталсын,
Мәңгіліктен мәңгілікке Ол даңқталсын!
Жиналып тұрған барша халық: «Аумин! Жаратқан Ие мадақталсын!» — деп жауап берді.
Жаратқан Ие ізгі, мақтаңдар Оны,
Мәңгі ұласады берік рақымы!
Иемізге ән салып, Оны мадақтаңдар,
Барлық кереметтерін паш қылыңдар,
Сондықтан да Құдай Оны көкке көтерді,
Оның мәртебесін бәрінен де биіктетті,
Оған бар есімнен жоғары Атақты сыйлап берді:
Енді естігенде Исаның Атағын
Көктегі, жердегі, жер астындағылардың
Бәрі де тізе бүкпек Оның алдында
Және Иса Мәсіхті тіл атаулы барлығы да
Жаратқан Ие деп ашық мойындауға
Тиіс һәм Құдай Әкенің даңқын арттыруға.
Sacrifício de louvor
Por meio de Jesus ofereçamos sempre sacrifício de louvor. Cantai ao Senhor, celebrai em salmos — enchei-vos do Espírito.
Сонымен Мәсіх арқылы Құдайды үнемі мадақтап сый-тартуымызды ұсынайық: Оның «Жаратқан Ие» деген атағын ауызбен де мойындап, дәріптеуіміз біздің Тәңір Иеге арнаған құрбандығымыз болады.
Сонымен, өзіміз шаңырағы ешқашан шайқалмайтын Патшалықтан үлес алғандықтан, біз сол үшін Құдайға шын жүректен шүкірлік айтайық! Оны риза қылатындай қызмет етіп, терең қастерлеп, Оған ұнамсызды істеуден шошынатын болайық! Біздің сиынатын Құдайымыз жалмап қоятын от іспетті!
Бір-біріңді Забур жырлары, мадақтау өлеңдері және Киелі Рух дарытқан әндер арқылы жігерлендіріп, Иемізді ән-күймен шын жүректен дәріптеңдер.
Мәсіх туралы Ізгі хабарға көңілдеріңнен мол орын беріңдер: Забур жырлары, мадақтау өлеңдері және Киелі Рух дарытқан басқа да әндер арқылы бір-біріңе зор парасатпен тәлім-тәрбие және бағыт-бағдар беріңдер. Жүректерің ризашылыққа кенеліп, Құдай Иемізге арнап ән айтып отырыңдар!
Түн ортасында Пауыл мен Сыйлас Құдайға сиынып, Оны ән-жыр айтып дәріптеп мадақтады. Басқа тұтқындар мұны тыңдап жатты.
Құдайдың жұбатып, өлімнен құтқарғанына шүкірлік
Иеміз Иса Мәсіхтің Әкесі Құдай мадақталсын! Құдай — қайырымды Әкеміз, жұбаныш пен жігер атаулының бастауы.Ол бізді барлық азаптарымызда жұбатып, жігерлендіреді. Осылай Құдайдың өзімізді жігерлендірген жұбанышымен біз де әр түрлі қайғы-қасірет шегіп жүргендерді жігерлендіре аламыз.
Сендер бізбен байланыста болсын деп, өзіміз көріп, естігеніміз туралы хабар беріп отырмыз. Осылай бәріміз Әкемен және Оның рухани Ұлы Иса Мәсіхпен байланыстамыз.
Adoração como vida
Exaltai ao Senhor, prostrai-vos ante o escabelo dos seus pés. A adoração genuína transforma o adorador e agrada o Criador.
Себебі Жаратқан Ие мейірімді,
Ол мәңгілік шапағатын тигізеді.
Ұрпақтан ұрпаққа Иеміз бізге
Шексіз сенімділігін көрсете береді.
Ол билік құрады теңізден теңізге дейін,
Евфрат өзенінен жердің шетіне дейін,
Жалбарына айқайлап қалжырадым,
Құрғап, кеуіп қалды менің тамағым,
Құдайымды күтіп талды қос жанарым.
Басымдағы шашымнан көп дұшпандарым,
Себепсіз мені жек көреді жауларым,
Сұмдықпен мені қудалап келеді,
Алмаған нәрсемді талап етеді.
Осылай зұлымдығы өз басына келеді,
Жауыздығы өзінің төбесіне түседі.
Найзағай жарқылдатып, жауды шашыратшы,
Жебелер атқылап оларды қиратшы,
Сен Өзің мені тексеріп, ақтай көрші,
Ісімнің әділдігіне көз сала көрші.
Жаратқан Иені терең қастерлеңдер,
Қуана бой ұрып қызмет етіңдер!
Һәм дірілдеп күнәдан шошыныңдар,
Уа, Жаратқан, шын жүректен Сені мадақтаймын,
Жасаған кереметтеріңнің бәрін жариялаймын.
Falsa adoração
Não terás outros deuses diante de mim. Não adorarás ídolos. A adoração exclusiva ao Senhor é mandamento inegociável.
Сондайларға бас иіп табынып, құлшылық етпе! Мен сенің Құдай Иеңмін, Өзімнен басқа тәңірлеріңнің болуына еш төзбеймін. Мені менсінбейтіндерді немерелері мен шөберелеріне дейін жазалаймын,
Менен, Жаратқан Иеден, басқа ешбір тәңірге құлшылық етпеңдер! Себебі бір атағым «Қызғаныш». Өзімді шын көңілмен сүйіп, түгелдей бағышталуларыңды талап еткен Құдаймын.
Мұса шатырға кіргенде, бұлт бағанасы төмен түсіп, шатыр алдына орналасатын. Сол кезде Жаратқан Ие Мұсамен тілдесетін. Бұлт бағанасын шатыр есігінің алдынан көрісімен-ақ, күллі халық орындарынан көтеріліп, әркім өз шатырының кіреберісінен Құдайға иіліп ғибадат ететін.
Жаратқан Ие — қайнар көзі күш-қуатымның,
Мадақтау жырларымды Оған арнай берейін.
Ием мені құтқарып, алып қалды аман-есен.
Жаратқан — Құдайым менің, Оны мадақтайын,
Ол — әкемнің де Құдайы, даңқын асырайын!
Уа, Жаратқан Ие, қай «тәңір» Саған тең келер еді?
Ешкім жоқ Сендей салтанатты да қасиетті,
Даңқты ұлылығымен айбынды да қастерлі,
Керемет істер жасайтын сондай құдіретті!
Құдайларың Жаратқан Иеге қызмет етіңдер, сонда Ол нан-суларыңды жарылқап, мынадай уәде береді: Мен араларыңнан ауру-сырқау атаулыны қуамын.
Өз көзіңмен көрген сол ұлы да үрейлі істердің бәрін істеген Ол — сендердің Құдайларың, Оны әрдайым мадақтаңдар!
Құрбандық асын отбасыларыңмен бірге сол жерде Құдай Иеміздің алдында ішіп-жеңдер. Осылайша қол тигізген барлық істеріңнің Құдайларың Жаратқан Иенің жарылқауымен жемісті болғанын тойлап шаттаныңдар.
Халық бөгде тәңірлерге табынды,
Бұларымен Жаратқанды ызаландырды,
Жексұрын пұттармен қаһарландырды,
Құдай емес жын-періге құрбан шалды,
Оларды бұрын еш біліп-танымады,
Солар жаңа ғана елімізде пайда болды,
Ата-бабалары олардан қорықпады.
Өзіңе өмір берген «Жартасты» тастадың,
Өзіңді жаратқан Құдайды ұмыттың!
Бірақ сақ болыңдар, әйтпесе азғырылып, бөтен тәңірлерге бет бұрып, оларға жүгініп құлшылық етіп кетесіңдер.
Жасаған Ие мынаны айтады: «Бұл халық тек ауызбен алдыма келіп, Мені сөздерімен ғана сыйлайды, ал жүректері Менен тым алшақ. Адам баласы шығарған ережелерді үйретіп, Мені құрметтегенсиді, ал солары бекершілік!
Озбырлықтан құтқарған Құдайды мадақтау жыры
Уа, Жаратқан Ие, менің Құдайымсың Сен!
Құрметтеп Сені атыңды мақтаймын мен.
Сондай керемет істерді жасадың,
Өзің көп бұрын оларды жоспарладың,
Шынайы адалдықпен жүзеге асырдың.
Ал Құдай халықтан сырт айналып кетті де, оларды аспан денелеріне құлшылық етуге қалдырды. Осы туралы Пайғамбарлар жазбаларында былай деп жазылған: «Уа, Исраилдің үрім-бұтағы, сендер қырық жыл бойы айдаланы кезіп жүрген ежелгі уақыттарыңда құрбандыққа мал шалып, басқа да сый-тартулар ұсынғанда соларыңды Маған бағыштадыңдар ма? Жоқ, сендер (жалған тәңір) Молохтың мүсіні орналасқан шатырды және тәңірсымақтарың Ремфан жұлдызының бейнесін бірге алып жүрдіңдер! Бұларды құлшылық етіп табынуларың үшін өздерің жасап алған едіңдер. Сондықтан Мен сендерді жер аударып жіберемін», тіпті Бабылдан да әрі!
Орынсыз кішіпейілділік танытып періштелерге табынуларыңды талап ететіндер сендерді кінәламасын! Осындайлардың ақыл-ойларын өз күнәкар болмыстары билейді, ал беделдері өздері ешқашан көрмеген нәрселерге негізделген. Олар ешбір себепсіз кеуделерін көтеріп, қауымның Басы — Иеміз Мәсіх туралы ілімді ұстанбайды. Ал өзара буындармен, сіңірлермен нығайып, тұтасқан тәндік дененің өсуін бастың басқаратыны сияқты, бүкіл қауымның Құдайдың қалағанындай рухани өсуін де Мәсіх басқарады.
Ешкім сендерді амалын тауып алдап кетпесін. Себебі Иеміз келер алдында адамдар Құдайдан бас тартып, опасыздық жасайды, әрі әділетсіздіктің қолдаушысы, кейін мүлдем құритын кісі пайда болады. Ол Құдайға және Оның ұлылығын білдіретін бар нәрсеге қарсы тұрып, өзін олардан жоғары қояды, тіпті Құдайдың киелі үйінде отырып алып, өзін «құдаймын» деп жариялайды.
Exemplos de adoração
Jó adorou em meio ao sofrimento. Esdras adorou na restauração. Paulo e Silas adoraram na prisão — e Deus respondeu.
Сонда Әйүп орнынан тұрды да, қатты қайғырып шапанының өңірін жыртып, шашын қырқып алып тастады. Мұнан кейін ол Тәңір Иеге мойынсұнып етпетінен жерге жата кетті. Әйүп былай деді: «Анамның құрсағынан жалаңаш шықтым, дүниеден жалаңаш қайтамын да. Жаратқан Ие сыйлап берді де, Жаратқан Ие қайтарып алды да. Жаратқан Иенің есімі мадақтала берсін!»
Олар кезек-кезек Жаратқан Иені мадақтап, Оған шүкірлік айтып ән салды:
«Жаратқан Ие ізгі, Оның Исраилге
Деген рақымы ұласады мәңгілікке!»
Бүкіл халық Жаратқан Иені қатты дауыспен мадақтап оларға жауап беріп отырды. Себебі Жаратқан Иенің киелі үйінің негізі қаланған еді.
Сен қандай ұлысың, уа, Жаратушы Тәңір Ием! Өз құлақтарымызбен естіген барлық хабарымыз бойынша Саған тең келетін ешкім де жоқ, Сенен басқа құдай да жоқ.
Ешкім жоқ Жаратқан Иедей қасиетті,
Жоқ Сенен өзге ешбір тәңір шынайы,
Берік қорған да жоқ Құдайымыз сияқты!
Мұнан кейін Ешуа, Қадмиел, Бани, Хашабнея, Шеребиях, Ходия, Шебаниях және Петахиях есімді леуіліктер жамағатқа тіл қатып былай деді: «Орындарыңнан тұрып, Құдайларың Жаратқан Иені мадақтаңдар! Ол мәңгілік болып келген әрі мәңгілік бола береді!» (Содан олар былай деп мінажат етті:)
«Сенің есімің мадақтала берсін, ол барлық мадақ пен даңқ атаулыдан жоғары!
Қиын-қыстау кездегі сенім мен қуаныш
Інжір ағаштары гүлдемесе де,
Бақтарда жүзім шоқтары піспесе де,
Зәйтүн ағаштары өнім бермесе де,
Егістіктерден астық жиналмаса да,
Қорада қой, табында мал қалмаса да,
Мен бәрібір Жаратқанға шаттанамын,
Құтқарушы Құдайыма қуанамын.
Сол кезде Маған сиынып шақырасыңдар, алдыма келіп дұға етесіңдер, ал Мен сендерге құлақ асамын.
Құдайға жақындаңдар, сонда Ол да сендерге жақындайды. Ей, күнәкарлар, қолдарыңды жамандық атаулыдан жуып тазартыңдар! Ей, екіойлы табансыздар, жүректеріңді орнықтырыңдар!
Este artigo te tocou? Faça uma oração!
+581 estão orando agora.
Junte-se à corrente de oração.