Pular para o conteúdo
Publicidade

Agradecimento pela família

Por Bíblia Online

Agradecer pela família é reconhecer a bênção mais preciosa que Deus nos concede. Os filhos são herança do Senhor — cada membro da família é presente divino a ser celebrado.

Әйелің сенің үйіңнің ішіндегі

Жемісті жүзім бұтасы секілді,

Ал ұл балаларың дастарқан басындағы

Зәйтүн ағашының өркендері сияқты.

Жаратқан Ие осылай жарылқайды

Өзін терең қастерлеген жандарды.

Сион тауындағы киелі үйінен

Жаратқан Ие сені жарылқай берсін.

Өмір бойы Иерусалимнің амандығын

Құдайдың жаратылысқа қамқорлық жасауы

Жан-тәніммен Жаратушыны мадақтаймын.

Уа, Құдай Ием, Сен керемет ұлысың,

Құрмет пен салтанатқа бөленгенсің.

Жарық нұрды Сен шапандай киесің,

Аспанды шатырдай жайып жібересің,

Көршілеріміз бізді келеке қылуда,

Маңымыздағылар мазақтап қорлауда.

Қарттардың тәжі — немере-шөберелері,

Балалардың мақтанышы — әке-шешелері.

Сол кезде мына баланы сыйлай көрсін деп жалбарынған едім. Жаратқан Ие өтінішімді жүзеге асырды.

Шүкірлік пен тілек мінажаты

Сендерді еске алған сайын Құдайға ризашылық білдіріп,

Бізді өздеріңе қуантып қойған Құдайға қанша алғыс айтсақ та аздық қылады.

Жаратқанның ұлылығы мен күш-қуатын

Мойындаңдар, уа, рулары күллі ұлттардың!

көктегі Әкеміз берген қай нәрсе де игі. Нұр шашқан аспан денелерін жаратқан Ол бізге Өзінің мүлтіксіз жарылқауын жаудырады. Аспан денелерінің көлеңкелері қозғала бергенмен, Құдайда ешқандай тұрақсыздық жоқ.

Оның шексіз рақымынан бәріміз молынан жарылқанып келеміз.

Әйелдер Нағиманы құттықтап: «Жаратқан Ие мадақталсын! Енді Ол сені қамқорлайтын мұрагермен қамтамасыз етті. Баланың атағы Исраилге жайылсын! Ол өміріңді қуанышқа кенелтіп, қартайған шағыңда сүйенішің болады. Себебі оны туған — өзіңді жақсы көріп, соншама адал болып келген келінің. Осы келінің саған жеті ұлдан да артық!» — деді.

Саған шүкірлік айтады тек тірілері.

Мен адалдығыңды мақтаймын бұл күндері,

Балаларына ол жайлы айтады әкелері.

Seja o primeiro

Este artigo te tocou? Faça uma oração!

+581 estão orando agora.

Junte-se à corrente de oração.