Pular para o conteúdo
Publicidade

Ajuda

Por Bíblia Online

Deus é nosso auxílio e socorro em todo tempo. Ele não dorme nem cochila. O Senhor é nosso ajudador — não precisamos temer o que o homem possa nos fazer.

Уа, Иерусалим, аяғымыз біздің

Қақпаларыңның алдында тұр сенің.

Құдайдың бар халықтарға жүргізетін билігі

(Ән-күйдің жетекшісіне арналған Қорах ұрпақтарының жыры.)

Дұшпандарымның қатты дауысынан

Әрі әділетсіздердің қыспағынан.

Олар басыма азап жаудырады,

Ашулана жала да жабады.

Бізді Мысырдан жүзім бұтасындай әкелдің,

Басқа ұлттарды елден қуып шығардың,

Солардың орнына бізді отырғыздың.

Ливанның тауларын бұзаудай секіртеді,

Хермон тауын жас бұқадай сілкінтеді.

Жаратқанның даусы от-жалын шашады,

Себебі Құдайың Жаратқан Иемін,

Сені оң қолыңнан сүйемелдеймін.

Қорықпа, Мен сені қолдап-қорғаймын

Деп саған берік уәдемді беремін.

Сен құтқаруыңды қалқандай сыйладың,

Жоғарылатады мені шапағатың.

Қиналып қатты шаршап-шалдыққандар,

Еңселерін тым ауыр жүк басқандар,

Менің қасыма келіңдер, бәрің,

Жандарыңды Мен рақатқа бөлеймін!

Мен көктегі Әкемнен сендермен мәңгі бірге болатын Қамқоршыны жіберуін өтінемін,

Әлсіреген бізді Киелі Рух қолдайды

Сонымен қатар әлсіреген бізді Киелі Рух та қолдайды. Тәңір Иеден не тілейтінімізді дұрыстап білмесек те, Киелі Рухтың Өзі біз үшін өтініш етіп, сөзбен айта алмас ыңқыл, күрсінісімізді Оған жеткізеді. Ал Тәңір Ие адам жүрегінің түкпір-түкпіріндегіні біледі. Киелі Рух Құдайдың адамдары үшін Оның еркіне сай өтініш жасағанда Құдай Киелі Рухтың ниетін де түгелдей түсінеді.

Өз ақыл-санаңа сүйеніп жүрме,

Сенім арт шын жүректен Жаратқан Иеңе.

Бар жағдайда да мойында Тәңір Иеңді,

Сонда Ол тура жолмен жетелер сені.

Барлық уайымдарыңды Құдайға сеніп тапсырыңдар, себебі Ол қамдарыңды ойлайды!

Seja o primeiro

Este artigo te tocou? Faça uma oração!

+581 estão orando agora.

Junte-se à corrente de oração.