Құдайдың бар халықтарға жүргізетін билігі
1 (Ән-күйдің жетекшісіне арналған Қорах ұрпақтарының жыры.)
2 Күллі ұлттар, Құдайға қол соғыңдар,
Шаттық үнмен дауыстап Оны мақтаңдар!
3 Себебі Жаратқан — Хақ Тағала айбатты,
Ол — бүкіл жер бетінің ұлы Патшасы
4 Бізге халықтарды бағындырады,
Жау ұлттарды табанымызға салады.
5 Үлесімізге таңдады Ол біз үшін
Өзі сүйген Жақыптың мақтаулы елін.
6 Құдай Ие халқының шаттық айқайымен
Тұрағына көтерілді, һәм керней үнімен.
7 Әндетіңдер, Құдайға ән-жыр шырқаңдар,
Күй тартып та Патшамызды мадақтаңдар!
8 Құдай — Патшасы күллі жер бетінің,
Лайым Оған айтыңдар мадақтау жырын!
9 Құдай халықтарға билігін орнатты,
Киелі тағына Ол отырып алды.
10 Басқа ұлттардың басшылары жиналар,
Ыбырайым сиынған Құдайдың халқына қосылар,
Өйткені Құдайдікі жер бетінің патшалары,46:10 Немесе: қалқандары. (Ежелгі патшалар өз халқын қорғайтын қалқан деп бейнеленетін.)
Оның дәрежесі бәрінікінен де жоғары!