Pular para o conteúdo
Publicidade

A carne

Por Bíblia Online

A carne representa a natureza pecaminosa que milita contra o Espírito. A Bíblia ensina que os que pertencem a Cristo crucificaram a carne com suas paixões e desejos.

Carne versus Espírito

Os que são segundo a carne inclinam-se para as coisas da carne. O nascido da carne é carne; o nascido do Espírito é Espírito.

Өзінің ескі күнәкар болмысының еркі бойынша өмір сүретін әрбір жан сол болмысының қалауын жүзеге асыруға ұмтылады. Ал Киелі Рухтың жетелеуімен өмір сүретіндер Киелі Рухтың қалауын орындауға ниет етеді. Күнәкар болмыстың қамын ойлау мәңгілік өлімге, ал Киелі Рухтың еркін орындау шынайы өмір мен тыныштыққа жеткізеді.Ескі күнәкар болмысымыздың ниеті Құдайға қас, ол Құдайдың заңына бағынбайды, әрі бағына алмайды да. Сондықтан ескі күнәкар болмысының еркімен өмір сүретіндер Құдайға ұнай алмайды.

Бірақ Құдайдың Рухы өмірлеріңнен орын алғандықтан, сендер ескі күнәкар болмыстарыңның емес, Құдай Рухының жетелеуімен өмір сүрудесіңдер. Ал бойында Мәсіхтің Киелі Рухы жоқ адам — Мәсіхтің адамы емес.

Күнәнің құлдығынан азат етуші — Киелі Рух

Енді Иса Мәсіхпен тығыз байланыстағы адамдарға Құдай жазалау үкімін шығармайды. (Олар өздерінің ескі күнәкар болмысының емес, Құдайдың Киелі Рухының қалауына сай өмір сүреді.) Себебі Иса Мәсіхпен тығыз байланыстырып, жаңа өмір сыйлаған Киелі Рух мені күнәлі құмарлық пен рухани өлімнің күштеуінен азат етті.Біздің ескі күнәкар болмысымыз (Таурат заңын мүлтіксіз орындауға) дәрменсіз болғандықтан, осы заң істей алмағанды Құдайдың Өзі істеді: Ол Өзінің рухани Ұлын күнәміздің құнын өтеп құрбандық болу үшін күнәлі біздердің денеміздей денемен осы дүниеге жіберді. Біздің күнәмізге бола Құдай Оған үкім шығарып, Оның денесіне өлім жазасын тартқызды. Ондағы мақсаты — біздің ескі күнәкар болмысымыздың еркі бойынша емес, Киелі Рухтың еркіне сай өмір сүріп, Құдайдың заңының әділ талаптарын орындауымыз.

Өйткені егер оның еркіне сай өмір сүрсеңдер, Құдайдан ажырап, мәңгілік өлімге ұшырайсыңдар. Ал егер Киелі Рухтың күшімен күнәкар болмыстарыңның іс-әрекетінен мүлдем бас тартсаңдар, шынайы өмір сүресіңдер. Өйткені Құдай Рухының жетелеуімен жүретіндер — Құдайдың рухани балалары.

Күнәлі құмарлықтан құтқаратын құдірет иесі — Мәсіх

Осылай мен байқаған заңдылық мынау: жақсылық жасағым келсе де, бойымдағы жаман құмарлық қарсы тұрады. Іштей Құдай заңына ризамын, бірақ бойымда басқа бір заңдылықтың да бар екенін байқаймын: ол ақыл-ойым қалайтын жақсылыққа қарсы шығып, мені бойымдағы күнәлі құмарлыққа кіріптар етеді.

Біз әлі де ескі күнәкар болмысымыздың билігінде жүрген кезде заңның өзі бойымызда күнәлі құмарлықтарды қоздырып оятты. Осылайша біз нәтижесі өлім болатын нәрселерді істеп келдік.

Тәннен — тән, Рухтан — рух туады.

Шынайы өмір Беруші — Киелі Рух, ал тән бұған еш жарамайды. Сендерге айтқан сөздерім арқылы рухани өмірге ие бола аласыңдар.

Vencer a carne

Andai no Espírito e não cumprireis os desejos da carne. Os que são de Cristo crucificaram a carne com suas paixões.

Ал мен былай деймін: Киелі Рухтың күші мен жетегінде өмір сүріңдер, сонда ескі күнәкар болмыстарыңның қалауы іске аспайды.

Ескі күнәкар болмысымыздан туындайтын қылықтар белгілі, бұлар: неке адалдығын бұзу, азғындық және ұстамсыздық;жалған тәңірлерге табынушылық пен сиқыршылық; қаскөйлік, ұрыс-керіс, қызғаныш, ашу-ыза, жеке бастың абыройын ойлау, алауыздық туғызу, жік салу, күншілдік, кісі өлтіру, маскүнемдік, жүгенсіздік және сол сияқтылар. Бұлар жайлы сендерге былай деп ескертемін, бұрын да ескерткенмін: мұндаймен айналысатындарға Құдайдың Патшалығында орын жоқ.

Сонымен қатар Иса Мәсіхтікі болғандар айқыш ағашта өлген Онымен бірігіп кетті. Сол себептен олар өздерінің ескі күнәкар болмыстарын және соның азғын құмарлықтары мен тілектерін сол айқыш ағашқа шегелеп тастағандай таза өмір сүреді.

Мәсіх жолындағы еркіндік жүгенсіздік емес, ізгілік туындатады

Бауырластар, Құдай сендерді еркіндікке шақырды. Бірақ еркіндікті күнәлі құмарлықтарыңды қанағаттандыру үшін теріс пайдаланбаңдар, қайта, бір-біріңе сүйіспеншілікпен қызмет етіңдер!

Өзінің ескі күнәкар болмысын қанағаттандырушы сол болмысқа тән өлімді орады. Ал Құдайдың Рухына қызмет етуші осы Рухқа тән мәңгілік өмірді орады.

Себебі осы дүниеге тән нәрселердің бәрі: күнәкар адамның құмарлықтары, көзінің қомағайлығы әрі тұрмысына мастануы көктегі Әкеден емес, осы дүниеден бастау алған.

Мәсіхпен тығыз байланысқандықтан сендер «рухани сүндеттелдіңдер» де. Бұл — қолмен істелген тәннің сүндеттелуі емес, Мәсіхтің «рухани сүндеттеуі», яғни Оның ескі күнәкар болмыстарыңды түгелдей алып тастауы.

Азғырылмау үшін сергек болып, сиынып мінажат етіңдер! Рух дайын болғанмен, тән осал», — деді.

Менің айтпағым мынау, бауырластар: ет пен қаннан тұратын тәндік дене Құдайдың мәңгілік Патшалығына кіре алмайды: шіріп кететін тәндеріміз мәңгі өмір сүре алмайды.

Seja o primeiro

Este artigo te tocou? Faça uma oração!

+581 estão orando agora.

Junte-se à corrente de oração.