Dependência
A dependência de Deus é o caminho da verdadeira liberdade. Sem Cristo, nada podemos fazer. Mas em Deus encontramos sustento, direção e força para todo desafio.
Sem Ele nada podemos
Sem mim nada podeis fazer. O cristão que se desconecta da videira seca — mas o que permanece dá muito fruto.
Мен «бұтамын», ал сендер «сабақтарымсыңдар». Менімен тығыз байланыстағылармен Өзім де тығыз байланыста тұрамын, сонда олар мол өнім бермек. Ал Менен бөлініп сендер ешбір игілік істей алмайсыңдар.
Жазықсыз жәбірленгеннің Құдайға сиынуы
(Дәуіттің мінажаты.)
Уа, Ием, әділ өтінішімді ести гөр,
Жалынған дауысыма көңіл бөле гөр,
Шынайы мінажатыма құлақ түрші,
Көз қарашығыңдай мені сақтай көрші,
«Қанатыңның астында» тасалай көрші.
Құдай жолымен жүрген отбасының жарылқануы
(Киелі үйге қарай өрлеп бара жатқанда айтылатын жыр.)
Жаратқан Иені қастерлейтін,
Оның жолдарымен жүретін
Әрбір адам қандай бақытты!
Сен әсемсің күллі адам баласынан,
Мейірімді сөз ағылады аузыңнан,
Құдай Сені мәңгілікке жарылқаған.
Сендер үшін Жаратқан Иенің Өзі шайқаспақ. Ал өздерің тек тыныш тұрсаңдар болғаны, — деді.
Depender do Senhor
Confia no Senhor de todo o coração e não te estribes no teu próprio entendimento. Em todos os caminhos o reconhece.
Өз ақыл-санаңа сүйеніп жүрме,
Сенім арт шын жүректен Жаратқан Иеңе.
Бар жағдайда да мойында Тәңір Иеңді,
Сонда Ол тура жолмен жетелер сені.
Жүрер жолын адам жүрегінде жоспарлар,
Ал оның қадамдарын Жаратқан Ие бағыттар.
Жүрегінде адам көптеген жоспар құрар,
Ал Жаратқанның ұйғарымы жүзеге асар.
Жаратқан Иені қастерлеу ғұмырды ұзартар
Жаратқанның жарылқауы адамды бай қылар,
Бұл байлыққа Ол қайғы-қасірет қоспас.
Құдайдың қаласына игілік тілеу
(Киелі үйге қарай өрлеп бара жатқанда айтылатын Дәуіттің жыры.)
«Барайық киелі үйіне Жаратқанның!»
Дегенді естіп қатты қуандым.
Уа, Иерусалим, аяғымыз біздің
Қақпаларыңның алдында тұр сенің.
Қабырғалары кірігіп бір тұтасқан
Қала болып Иерусалим салынған.
Сенің жарлықтарыңа бағынып мен
Жүре берсем, шіркін, тура жолыңмен!
Сиондағы киелі үйге бару
(Дәуіттің жыры.)
Жер жүзі мен ондағының бәрі Жаратқандікі,
Бұл дүние мен онда тұрғандар түгел Онікі,
Жердің негізін Ол теңіздің түбіне орнатты,
Ағындардың үстінен берік етіп нығайтты.
Contentamento e confiança
Aprendi a viver contente em toda situação. A dependência de Deus nos livra da ansiedade e nos firma na paz.
Мұны бір нәрсе қажет болғандықтан айтып тұрған жоқпын. Мен қандай жағдай болмасын, қолдағы барды қанағат етуді үйрендім.
Себебі Құдайың Жаратқан Иемін,
Сені оң қолыңнан сүйемелдеймін.
Қорықпа, Мен сені қолдап-қорғаймын
Деп саған берік уәдемді беремін.
Қалжырағанға Ол қуат сыйлайды,
Қажып, шаршағанға күш табыстайды.
Өзара ынтымақтас болыңдар; өркөкірек емес, кішіпейіл болып, өздеріңді басқалардан ақылды санамаңдар!
Денеміздің мүшелерінің көп, әрі олардың атқаратын қызметтерінің әр түрлі екеніндей, біз бәріміз де көптігімізге қарамастан Мәсіхтің рухани денесіміз, осылай өзара байланысқан мүшелеріміз.
Сондықтан ескі күнәкар болмысының еркімен өмір сүретіндер Құдайға ұнай алмайды.
Сонымен, ертеңгі күн туралы уайымға салынбаңдар! Ертеңгі күннің өз уайымдары болады. Әр күннің қиыншылығы өзіне жетерлік.
Ал енді, Саған осындай мол сый-тарту беретіндей біз кім едік сонша?! Әлемдегінің барлығы да Сенен келген. Өз қолыңның бізге сыйлағандарын ғана Өзіңе тарту етіп отырмыз.
Este artigo te tocou? Faça uma oração!
+581 estão orando agora.
Junte-se à corrente de oração.