Сиондағы киелі үйге бару
1 (Дәуіттің жыры.)
Жер жүзі мен ондағының бәрі Жаратқандікі,
Бұл дүние мен онда тұрғандар түгел Онікі,
2 Жердің негізін Ол теңіздің түбіне орнатты,
Ағындардың үстінен берік етіп нығайтты.23:2 103:5.
3 Жаратқанның тауына кімнің шығуына болады,
Оның киелі орнында23:3 Яғни Иерусалимдегі Сион тауында орналасқан киелі үйдің ауласында (2:6; 14:1; 64:5; Пат3 8:22,64-65). кімнің тұруына болады?
4 Бұл тек қолы мен жүрегі таза жанға болады,
Жат тәңірге табынбай,23:4 Яғни шынайы емес, жалған тәңірге сиынбайтын. жалған айтпайтынға болады.
5 Осындай жанды Жаратқан Ие жарылқайды,
Құтқарушы Құдай оны рақыммен ақтайды.
6 Уа, Құдай, тек бұлар Сенің алдыңа барады,
Жақып сиынған Құдай, олар Саған бет бұрады.
7 Ей, көне қақпалар, айқара ашылыңдар,
Ежелгі есіктер, кеңінен ашылыңдар,
Кіре алсын даңққа бөленген Патша!23:7 Мұнда Жаратқан Иенің Келісім сандығының салтанатпен киелі үйге кіргізілуі жайлы айтылған (67:8-11,17-19; Пат3 8:6,9-13).
8 Кім екен осы даңққа бөленген Патша?
Ол — құдіреті күшті Жаратқан Ие,
Шайқаста құдіретті Жаратқан Ие!
9 Ей, көне қақпалар, айқара ашылыңдар,
Ежелгі есіктер, кеңінен ашылыңдар!
10 Кім екен осы даңққа бөленген Патша?
Әлемнің Иесі, Сол — даңқталған Патша!